Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 126 шешiмi

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің "Кентау қалалық Руханият орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 50% аспайтын көлемде белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қалалық мәслихатының төрағасы К.Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады