Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 20 маусымдағы № 223 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы, Тәуелсіздік көшесі бойынан "Металлинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан "Барит кен байыту фабрикасына" баратын төменде көрсетілген жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      1) "Автокөлік жолын жүргізу үшін" алаңы 1,71 га (17100 шаршы метр) жер учаскесі;

      2) "Ауыз су құбырын жүргізу үшін" алаңы 5,6 га (56000,0 шаршы метр) жер учаскесі.

      3) "Газбен қамту жүйелері үшін" алаңы 3,01 га (30100 шаршы метр) жер учаскесі;

      2. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Көкеновке жүктелсін.

      Қала әкімі Ж.Тасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады