Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 465 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы, Шахтер көшесінің бойынан "Көшелерді жарықтандыру үшін" жалпы алаңы 0,2 га (2000 шаршы метр) жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін;

      2. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Көкеновке жүктелсін.

      Қала әкімі Ж.Тасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады