Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы аумағында орналасқан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" осы қаулының қосымшада көрсетілген жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін;
2. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Көкеновке жүктелсін.
Қала әкімі | Ж.Тасов |
Кентау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №575 қаулысына қосымша |
№ | Нысан атауы (қазақша) | Өлшем бірлігі | |
м | м2 | ||
1 | .Кентау қаласы, 68 мөлтек ауданы, Қаратау тәжі көшесі бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (14 нысан) | 660 | 1320 |
2 | Кентау қаласы, Жұлдыз мөлтек ауданы, №5 көшесі бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (17 нысан) жалпы алаңы | 730 | 1460 |
3 | Кентау қаласы, 67 мөлтек ауданынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (15 нысан) | 792 | 1584 |
4 | Кентау қаласы, 68 мөлтек ауданы, Ордабасы көшесі бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (14 нысан) | 415 | 830 |
5 | Кентау қаласы, 68 мөлтек ауданы, Жеңіс көшесі бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (14 нысан) | 410 | 820 |
6 | Кентау қаласы, Б.Майлин көшесі бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (18 нысан) | 975 | 1950 |
7 | Кентау қаласы, Жұлдыз мөлтек ауданы, №1 көшесі бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (4 нысан) | 170 | 340 |
8 | Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Қ.Қайсенов, Мойынқұм көшелері бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (14 нысан) | 551 | 1102 |
9 | Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Якубов, Фазылов көшелері бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (15 нысан | 640 | 1280 |
10 | Кентау қаласы, 65 мөлтек ауданы, Мырза шөл, Қызыл құм көшелері бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" | 535 | 1070 |
11 | Кентау қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы, №5-6 көшелері (Жұлдыз 1 жалғасы) бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (4 нысан) | 220 | 440 |
12 | Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Фазылов көшесі (2 кезек) бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (16 нысан) | 462 | 924 |
13 | Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Сейтметов көшесі бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (18 нысан) | 380 | 760 |
14 | Кентау қаласы, Жұлдыз мөлтек ауданы, №1 көшесі (2 кезек) бойынан "Су жүйелерінің құрылысы үшін" (8 нысан) | 595 | 1190 |