"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасындағы "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданындағы ауданішілік бағыттар бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін төмендегі көрсетілген бағамда белгіленсін:
1) "Шаян - Шақпақ - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 180 (бір жүз сексен) теңге;
2) "Шаян - Тасқұдық - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 150 (бір жүз елу) теңге;
3) "Шаян - Шалдар - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 250 (екі жүз елу) теңге;
4) "Шаян - Екпінді - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 250 (екі жүз елу) теңге;
5) "Шаян - Жұлдыз - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 250 (екі жүз елу) теңге;
6) "Шаян - Сарқырама - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 350 (үш жүз елу) теңге;
7) "Шаян - Тұрақты - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 500 (бес жүз) теңге;
8) "Шаян - Жиенқұм - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 400 (төрт жүз) теңге;
9) "Шаян - Алмалы - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 400 (төрт жүз) теңге;
10) "Шаян - Теректі - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 400 (төрт жүз) теңге;
11) "Шаян - Тайманов - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 500 (бес жүз) теңге;
12) "Шаян - Қайнарбұлақ - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 500 (бес жүз) теңге;
13) "Шаян - Кеңсай - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 750 (жеті жүз елу) теңге;
14) "Шаян - Сарыбұлақ - Шаян" бағыты бойынша бір жолаушыға 750 (жеті жүз елу) теңге.
2. "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының талаптары сақталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Б. Қырғызалиев |
КЕЛІСІЛДІ
Бәйдібек аудандық
мәслихатының төрағасы
И. Түймебаев