Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 13/64 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 365 бабының 3 тармағы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданды бойынша, қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы: Б.Кенжебаев

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2024 жылғы 14 ақпандағы
№13/64 шешіміне қосымша

Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын, айына

157

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын, айына

207

Бірлік (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2089


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады