Ордабасы аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысын 25 пайыздан аспайтын көлемде белгілеу туралы.

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 23/2 шешiмi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

      1. Ордабасын ауданының әкімдігі айқындаған шарттарда және тәртіпте Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 25% аспайтын көлемде белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Б.Джумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады