Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 67-69-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 36, 37-баптарына сәйкес, Аққұм ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Кселл" акционерлік қоғамына Аққұм ауыл округі, Аққұм елді мекенінен талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 0,067 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі С.Әлішері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады