"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрайдың 26.09.2024 жылғы №12-01/71-ВН қызметтік жазбасын қарап аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіліктері "Сарыағаш ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берілсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережелердің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Абдуллаев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қазандағы №378 қаулысына 1-қосымша |
"Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылығы салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.
8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160900, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі 39 А.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік органға кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) ауданның өнеркәсіптік секторының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету, кіші және орта кәсіпкерлікті, туризмді және туристік индустрияны дамыту және қолдау, ауыл шаруашылығы салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
- мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, өзінің құзіреті шеңберінде қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы;
- мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;
- өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2) Міндеттері:
- Жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
- Жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
- Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
- Туризмді және туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын ұйымдастыру;
- Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу;
- Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады;
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
- Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
16. Функциялары:
1) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімін қалыптастыру;
2) ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасауда және атқаруда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп дамуының жобасын әзірлеу, жасау және орындалуын қадағалау;
3) аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы жөнінде аудан көлемінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар бойынша көрсеткіштер мониторингін жүргізу;
4) аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізе отырып, мемлекеттік бағаны тұрақтандыру саясатын жүзеге асыру;
5) сауданы дамыту мен реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз ету;
6) аудан тұрғындарына кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша берілген несие көлемі жөнінде мәлімет жинақтап, тоқсан сайын талдау жүргізу;
7) аудан көлемінде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;
8) аудан көлемінде туризмді және туристік индустрияны қолдау бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;
9) бөлімнің құзіретіне кіретін өңірлік бағдарламалардың бағыттарын жасау және орындалуын қадағалау;
10) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастыру;
11) сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда біріңғай саясатты ұстану;
12) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу;
13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
14) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
15) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
16) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
17) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
18) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;
19) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
20) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
21) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
22) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
23) облыстың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсету;
24) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
25) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген аудан аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген адамға жібереді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Мемлекеттік органға басшылықты мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік органның бірінші басшысын Сарыағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
2) Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принциптерінде іс-әрекет жасайды және мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
21. Мемлекеттік органды басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мемлекеттік органның мүлкіне билік жасайды;
3) банктерде есеп-шоттар ашады, мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) заңдарға сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
8) мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді;
9) мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
10) заңнамамен осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің "Сарыағаш ауданы су шаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қазандағы №378 қаулысына 2-қосымша |
"Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.
8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 160900, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, 33.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік органға кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үйді инспекциялау, сондай-ақ, аудан әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша біріңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізу болып табылады.
15. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;
- ауданның атқарушы органдарынан қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.
- аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2) Міндеттері:
- жергілікті, өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, коммуналдық тұрғын үйлерді беру және оны жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;
- объектілер мен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын, қалпына келтірілуін, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандырылуын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
- шаруашылық құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін басқаруды жүзеге асырады, белгіленген тәртіпте оларды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар дайындайды.
- Мемлекеттік орган құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізеді;
- экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
- коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар-қызмет берушілер мен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
- коммуналдық шаруашылықта коммуналдық қызмет көрсетудегі кәсіпкерліктің, бәсекенің және өндірісті монополиясыздандырудың әр түрлі меншік нысандарын дамытуға жағдай жасайды;
- халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келіседі және тексереді, олар бойынша қорытындылар береді және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізеді;
- коммуналдық қызмет көрсетумен айналысатын барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар үшін өз құзыреті шегінде нұсқау, кеңес беретін және өзге де сипаттағы құжаттар шығарады;
- коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды және бөлуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;
- мемлекеттік мүлікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін азаматтардан белгіленген тәртіппен құжаттар, өздері тұрып жатқан тұрғын алаңды жекешелендіруге өтініштер мен құжаттар қабылдайды;
- тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардан, ұйымдардан, мекемелерден келіп түскен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдайды, тұрғын үй комиссиясының қарауына тиісті ұсыныстар енгізеді;
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды, тұрғын үй саясаты мәселесі бойынша аудан әкімдігінің құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;
- белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі тұрғын жайларға қоныстану құқығына жалдау шарттарын;
қызметтік тұрғын жайларын алуға жалдау шарттарын;
тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шарттарды ресімдеуді жүзеге асырады.
- тұрғын үй комиссиясының отырыстарына қатысады, бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
- әділет органдарында жедел басқару құқығын мемлекеттік тіркеуді, мүлік және жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуді іске асырады;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды;
- кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- аудан әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша біріңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаларды ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Функциялары:
1) ауданның тұрғын үйлерін жылыту маусымына дайындау, пәтер иелері кооперативтерімен (ПИК) жұмыс, су тасқынына дайындау;
2) ауданның тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, жылу, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация бойынша жұмыстарды бақылау, ұйымдастыру және жүргізу;
3) сумен жабдықтау, су бұру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) бірыңғай бюджеттік жіктемемен бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
5) ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу;
6) жергілікті атқарушы органның резерві есебінен шұғыл шығындарға арналған іс-шаралар өткізу;
7) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. Тексеруді Заңдарға сәйкес жүргізу;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау;
10) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
11) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;
12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау;
13) көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;
14) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10528 болып тіркелген) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;
15) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу;
16) аудан әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша біріңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
17) тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларына белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;
18) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
19) конкурстық және аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтыру енгізеді;
20) конкурстық және аукциондық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;
21) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;
22) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;
23) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
24) тапсырыс берушіге мәліметтерді сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;
25) заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
26) заңнамада көзделген жағдайда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтаруды қамтамасыз етеді;
27) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
28) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберіледі;
29) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап қою арыздарын жібереді;
30) ауданда мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мониторинг жүргізу.
31) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Мемлекеттік органға басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысы (Бұдан әрі – бірінші басшы) жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік органның бірінші басшысын Сарыағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
21. Мемлекеттік органды басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Мемлекеттік органның атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасайды;
3) банктерде есеп-шоттар ашады, Мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) заңдарға сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
8) Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді;
9) Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
10) заңнамамен осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сарыағаш-Тұрмыс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
2) Сарыағаш ауданы әкімдігінің "Сарыағаш қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.