"Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" бөліміне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 98 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Жер Кодексінің" 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және "Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" бөлімінің 01.04.2024 жылғы №41-14-07/141 хатына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" бөлімі Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі аумағынан жалпы көлемі 0,3212 гектар жер учаскесіне электр энергиясын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" бөлімі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға тапсырамын.

      Созақ ауданы әкімі М.Тұрысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады