Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалына Шардара ауданы Жаушықұм массивінен су тартқыш пен сорғы стансиясын реконструкциялау үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (К.Нурманов) жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ильясовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Карсыбаев |
Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 254 қаулысына қосымша |
Жаушықұм массивіне жер асты магистралды су құбыры құрылысы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде | |||||||
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | оның ішінде | |||||||||
егістік | оның ішінде | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | Өзге жерлер | Орман қоры жері | ||||
суармалы егістік | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Жаушықұм ауылдық округі | 9,97632 | 9,97632 | - | 1,42175 | - | - | 5,87575 | 2,67882 | - |
2 | Қ.Тұрысбековауылдық округі | 7,98368 | 7,98368 | - | - | - | 7,98368 | - | - | |
Барлығы | 17,96 | 17,96 | 13,85943 | 2,67882 |