"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2- тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 болып тіркелген) сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келес ауданының Абай ауылы аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
2. Келес ауданы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының бірыңғай тарифі бір шақырымға 10 (он) теңге көлемінде белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Агибаев |