"Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Сауран ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмiнiң 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Сауран ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 9 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Сауран ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Таңғатаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады