"Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 24 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71-баптарына, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31,37-баптарына, Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 08.01.2024 жылғы №48, 08.01.2024 жылғы №49 бұйрықтарына сәйкес Сауран ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Сауран ауданы қарасты Иассы ауылдық округі Еңбекші Дихан елдімекені, Оранғай ауылдық округі Қосқорған елдімекені, Оранғай ауылдық округі Бостандық елдімекені жер учаскелерінің аумағынан "Магистральды газ құбыры үшін" жалпы алаңы 10,9468 га (1094680 ш.м.) ұзындығы (110,714 км) жер учаскелерін тұрақты пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М. Таңғатаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады