Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71-баптары, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Сауран аудандық жер комиссиясының мәжілісінің 04.07.2024 жылғы №18 хаттамасына сәйкес, Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 19.07.2024 жылғы №1977 санды бұйрығына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Golden Cotton" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН:210140024886) Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан "электр желісі үшін" жалпы алаңы 3,0274 га жер учаскесіне 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Golden Cotton" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.
3. "Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) Осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевқа қалдырылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М. Таңғатаров |