Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес Шаға ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы Ш.Қалдаяқов көшесі, 2 мекен жайда орналасқан Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектебіне "талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін" жалпы алаңы 0,0272 га (272 ш.м.) жер теліміне "ҚазақТелеком" акционерлік қоғамының филиалы – жобаларды басқару дирекциясына 3 (жыл) мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шаға ауылдық округі әкiмi | Ы.Жуманов |