"Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 148 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев
      "Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_______________
2024 жылғы "20" маусым
Ф. Бельбеев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "20" маусымдағы
№ 148 қаулысымен бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын және Шығыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: индекс 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 36.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерден аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;

      6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;

      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

      8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, жеке тұлғалардан өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату;

      басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) міндеттері:

      Шығыс Қазақстан облысының аумағында эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар мен міндеттер.

      14. Функциялары:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;

      4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;

      5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;

      6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      9) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      10) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      11) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

      12) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      13) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      14) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;

      15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;

      16) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

      17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;

      18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

      19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

      22) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

      23) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

      24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

      25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

      26) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

      29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

      30) жергілікті атқарушы органға профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы ұсыныс енгізу;

      31) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;

      32) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;

      33) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;

      34) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;

      35) ветеринария саласындағы петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;

      36) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқармаға басшылықты Басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Басқарманың бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Басқарманың бірінші басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер болып табылады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;

      4) Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті актілер шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Басқарма актілеріне қол қояды;

      6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      8) шарттар жасасады;

      9) сенімхаттар береді;

      10) банк шоттарын ашады;

      11) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      12) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      19. Басқарма Басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Өскемен-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Риддер-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Глубокое-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Зайсан-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      5) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Қатонқарағай-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      6) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Күршім-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      7) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Алтай-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      8) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Самар-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      9) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Тарбағатай-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      10) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Ұлан-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      11) Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының "Шемонаиха-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады