Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке кәсіпкер Лидия Артуровна Курочкинаға меншік иелері мен жер пайдаланушылардан аталған жер телімдерін алып қоймай, Риддер қаласының 1, 6, 7-аудандарының коммуналдық желілерін пайдалану мақсатында Риддер қаласы, Самоквитов, Лев Толстой, Разин, Маяковский, Мичурин, Войков, 91 квартал, Юбилейная, Барнаульский, Грибоедов көшелері, Абай даңғылы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы көлемі 0,245 га, жер телімдеріне 15 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) берілсін.
2. "Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Д. Рахметкалиев |