Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамына, БСН 000540002083, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоймай, электр беру желісін төсеу мақсатында Риддер қаласы, Бутаково ауылы, мекенжайы бойынша орналасқан (тоқсандық есебінің аумағы 05-083-034), жалпы көлемі 0,0030 га, оның ішінде: 0,0026 га – сервитут алаңы, 0,0004 га - бөгде жер пайдаланушылар жер телімдеріне 3 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. Қауымдық сервитутты сатып алушы техникалық талаптар мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтасын.
3. Жер телімін шектеулі пайдалану құқығы субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жекеше сервитутты белгілеу туралы шартта айқындалған мөлшерде сервитутқа байланысты барлық залалдарды өтеуге тиіс.
4. "Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Д. Рахметкалиев |