"Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 16 мамырдағы № 217 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 686 өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

      1) 2029 жылғы 8 желтоқсанға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 1492,4 гектар;

      2) 2029 жылғы 8 желтоқсанға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 374,5 гектар;

      3) 2029 жылғы 29 желтоқсанға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 719,9 гектар;

      4) 2030 жылғы 26 қаңтарға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 2162,1 гектар;

      пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жер қорының жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.

      3. "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Болатқанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Д. Рахметқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады