"Ертіс ресайклинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 390 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, "Ертіс ресайклинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 29 өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ертіс ресайклинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жалпы алаңы 11,8 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-061 жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ертіс ресайклинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.

      3. "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Болатқанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады