Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қазандағы № 9/3-VII "Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы" ереженің 2-тарауының 15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихатты нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді реттеу;
аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
мәслихат қызметіне қатысты талдау ақпаратын және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу;
мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдау және оларға құқықтық мониторинг жүргізу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
петицияларды қарастыру;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүддесін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындап өткізу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтар қабылдауын, есептер және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыруға іс жүзінде көмек пен жәрдем көрсету, оларды қажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, мәслихатқа түсетін ақпараттарды жинақтау;
сессиялардың пленарлық отырыстарына, тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарына қатысу және мәслихат шешімдерінің жобаларын, тұрақты комиссияларының қаулыларын және уақытша комиссияларының қорытындыларын сапалы дайындау мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
мәслихат Регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын ресімдеу;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер жобаларын, анықтамалар мен басқа да құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
мәслихат актілері мен құжаттаманы ресімдеуді, сақтауды және архивке тапсыруды қамтамасыз ету;
іс қағаздарын жүргізу және мәслихат аппаратына түсетін хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету.".
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы | М. Желдыбаев |