Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 2024 жылғы 16 мамырда берілген №2652-EL лицензиясы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "№14 жол- құрылыс басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, 2030 жылғы 16 мамырға дейінгі мерзімге меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, жалпы ауданы 31,0 гектар, 05-334-057 есептік кварталының босалқы жерлеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "№14 жол-құрылыс басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді рекультивациялау бойынша міндеттерді және жекеше сервитутты белгілеу туралы шарттарында белгіленген өзге де шарттарды айқындау ұсынылсын.
3. "Самар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Самар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | Ж. Майкенев |