Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-13/VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Самар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова

  Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 18-13/VIIІ шешіміне 1- қосымша

Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

   №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,58

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,6

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

2,0

4

Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,4

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

2,0

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,8

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,4

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,0

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,5

11

Мұражай, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,1

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,5

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,6

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

1,2

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

3,6

16

Әмбебап дүкендер, супермаркеттер

Сауда орнының 1 м2

1,1

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сорелер

Сауда алаңы 1 м2

0,5

18

Көтерме сауда орталықтары, азық-түлік қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

1,8

19

Көтерме сауда орталықтары, өнеркәсіптік тауарлар қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

1,8

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,7

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

4,3

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,6

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина орын

12,1

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

11,0

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,6

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

2,7

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техника жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,7

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,6

30

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

1,4

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

32

Аудан аумағында бұқаралық шараларды ұйымдастырушы заңды тұлғалар

1000 қатысушы

2,3

33

Бау-бақша кооперативтері

1 телім

1,6

      Ескерту:

      м3 - текше метр;

      м2 - шаршы метр.

  Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 18-13/VIIІ шешіміне 2 - қосымша

Самар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 10.02.2025 № 19-2/VIII шешімімен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады).

Елді мекендер үшін

сомасы теңгемен (ҚҚС есебінсіз)

Бір тұрғынға айлық тариф (абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері)

265*

Бірлікке жылдық тариф (көлемі) 1 м3

2010

Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар мен заңды тұлға болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін жылдық тариф (1 текше метр үшін).

9799

      * Ескерту: мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:

      100% - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      50% - бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      - басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      - еңбек ардагерлеріне;

      - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға;

      - кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      - мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

      - Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға;

      - мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;

      - толық емес отбасыларға;

      - асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдерге (тұл ер адамдар).

      25% - екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға;

      - 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;

      - Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға;

      - көп балалы отбасыларға;

      - жасы бойынша зейнеткерлерге;

      - қандастарға;

      - экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға;

      Қоқыс шығарушы ұйым халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санатына жататындығы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұтынушы өтініш берген күннен бастап қайта есептеуді орындайды және жеңілдіктерді қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады