Ақжайық ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысын белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 172 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Сердалин

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 172 қаулысына
қосымша

Ақжайық ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақжайық ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3-тармақшасының негізінде әзірленді және Ақжайық ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37-тармақшасына сәйкес жалақы қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

      3. Мемлекеттік басқару органы – жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.

      4. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.

2- тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      7. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т. б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      8. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.

      9. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      10. Жергілікті бюджет бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.

3-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

      11. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының жазбаша ұсынымы (бұдан әрі Ұсыным) негізінде ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды белгілейді.

      Ұйымның басшысы Ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде келіседі не лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде бас тартады. Жұмыскер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.

      Ұсынымда жұмыскердің тегі мен лауазымы, ынталандырушы үстемеақысының негізі мен мөлшері және тәртіптік жазаның жоқ екені туралы мәліметтер көрсетіледі.

      12. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Ақжайық ауданының мәслихатына жібереді.

      14. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.

      15. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы тәртіптік жазаның қолданылу кезеңінде өз қызметкерлеріне еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда ынталандырушы үстемеақы төлеуді тоқтату туралы бұйрық шығарады

      16 Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақы белгіленбейтін шарттардың тізбесі

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезінде;

      4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша орындалған жағдайда;

      5) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезінде;

      6) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыз кезінде;

      7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      8) оқу демалысы кезеңінде;

      9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      17. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымды міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;

      4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзіреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады