Ескерту. Осы шешім 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Қаратөбе ауданы әкімдігі Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстеме ақысы 60% пайыздан аспайтын көлемінде белгіленсін.
2. Ынталандырушы үстемеақылар Қаратөбе ауданы әкімдігі Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына, заңгер-кеңесшіге, психологқа, дінтанушы (теолог)-кеңесшіге, кеңесшілерге төленсін.
3. Осы шешім 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы | Н.Мендешов |