Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс-Қазақстан облысы Теректі ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нургалиев |
Теректі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 15-3 шешіміне қосымша |
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама
Мазмұны
Бағдарлама паспорты
Терминдер және анықтамалар,
Қабылданған қысқартулар
1. Кіріспе
2. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
2.1 Орталықтандырылған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесіне қатысушылардың міндеттері
2.2 Орталықтандырылмаған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесіне қатысушылардың міндеттері
3. Аймақ бойынша жалпы мәлімет
4. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қазіргі жағдайын талдау
5. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері және нысаналы көрсеткіштері
5.1 Мақсаты мен міндеттері
5.2 Нысаналы көрсеткіштер
6. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсатқа жету жолдары және тиісті шаралар
6.1 Коммуналдық қалдықтарды басқару механизмін құру
6.2 Қалдықтарды бөлек жинауды енгізу жөніндегі шаралар
6.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу санын азайту
6.4 Конкурс (тендер) өткізу арқылы ҚТҚ жинау, тасымалдау және көму жөніндегі субъектілерді айқындау және экологиялық заңнамаға сәйкес талаптарды белгілеу
6.5 Дербес деректерді бермей ҚШҰ үшін халықты тіркеу туралы мәліметтерге қол жеткізуді ұсыну
7. Іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Терминдер мен анықтамалар
Биологиялық ыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.
Коммуналдық қалдықтар - тұтыну қалдықтары, соның ішінде:
1) қағаз және картон, шыны, металдар, пластмассалар, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма бұйымдары, орауыштар, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;
2) егер мұндай қалдықтар сипаты мен құрамы жағынан үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.
Ірі көлемді қалдықтар - тұтыну және шаруашылық қызметтің (тұрмыстық техника, жиһаз және басқа) өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан және көлемі бойынша мамандандырылған көлік құралдарында тасымалдау мүмкіндігін болдырмайтын қалдықтар.
Электрондық және электр жабдығының қалдықтары - қалдықтарға жатқызылған, жарамсыз немесе пайдаланудан шыққан электрондық және электр жабдықтары, оның ішінде оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.
Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын қалдықтар.
Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, реконструкциялау, жөндеу (оның ішінде күрделі) немесе салу процесінде пайда болатын қалдықтар.
Қатты тұрмыстық қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі (бұдан әрі — орталықтандырылған жүйе) - меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын (тұрған) және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын және меншік құқығында контейнерлік алаңдар мен контейнерлері жоқ жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жүйе, сондай-ақ меншік құқығында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау жөніндегі қызметтер, ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан контейнерлік алаңдар мен контейнерлер бар жүйе.
Контейнерлік алаңдар - қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған кірме жолдары бар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар.
Қабылданған қысқартулар:
ЖСҚ - жобалау-сметалық құжаттама
ҚМЖ - құрылыс-монтаждау жұмыстары
ЭК - Экологиялық кодекс
ҚР - Қазақстан Республикасы
КҚББ - коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы
ҚШҰ - қоқыс шығаратын ұйым
ЭжТРМ - Экология және табиғи ресурстар министрлігі
ҚР ӘМ - Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі
ЖАО - Жергілікті атқарушы орган
ҚТҚ – Қатты тұрмыстық қалдықтары
1. Кіріспе
Осы коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі-ҚР ЭК) 365-бабына сәйкес әзірленді.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайына талдау жүргізілді, мәселе анықталды және экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар кешені әзірленді.
Бағдарлама ұлттық стратегиялық, бағдарламалық және тұжырымдамалық құжаттардың, сондай-ақ халықаралық тәжірибенің басымдықтарын ескере отырып, 2024-2028 жылдар кезеңіне әзірленді және осы жүйені жетілдірудің мақсаттарын, міндеттері мен көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу жөніндегі шараларды белгілейді.
Бағдарламаны іске асыру Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге, атап айтқанда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, тасымалдау, қайта өңдеу жүйесін дамытуға, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесін арттыруға, көмуге жіберілетін қалдықтар көлемін азайтуға, қалдықтармен жұмыс істеу бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға әкеледі. Бағдарламаны іске асыру Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында коммуналдық қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға ықпал ететін болады.
Бағдарлама келесі нормативтік-құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді:
2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚР Экологиялық кодексі;
2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР Жер кодексі;
2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі;
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а.2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 бұйрығы "Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы";
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154 П бұйрығы "Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы";
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 314 бұйрығы "Қалдықтар сыныптауышын бекіту туралы";
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы";
ҚР Экология және биоресурстар министрлігінің 1997 жылғы 29 тамыздағы 03.3.0.4.01-96 қаулысы. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған орта компоненттерінің улы заттармен ластану деңгейін анықтауға арналған әдістемелік нұсқаулық".
2. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
ҚР Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны (бұдан әрі - Бағдарлама) бекіту арқылы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Осы бағдарлама шеңберінде Теректі ауданының әкімдігі коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады:
1) коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және оның іске асырылуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) коммуналдық қалдықтарды басқару объектілерін салуға және орналастыруға, оның ішінде контейнерлік алаңдарды және қайталама шикізатты қабылдау пункттерін орналастыру үшін жер учаскелерін бөлу;
3) коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ынталандыру;
5) Экологиялық кодекске, коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеуге бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға, оларды қайта пайдалануға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға және көмуге жататын коммуналдық қалдықтардың көлемін қысқартуға даярлау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық құралдарды әзірлеу;
6) бөлек жинауды қоса алғанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесінің тиімділігі туралы халықты хабардар ету;
7) бизнес объектілерінің иелері үшін қалдықтарды шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
8) Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының құрамына кіретін ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады:
1) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ынталандыру;
2) коммуналдық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастыру.
2.1 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесіне қатысушылардың міндеттері
Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі - меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын (тұрған) және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын және меншік құқығында контейнерлік алаңдар мен контейнерлері жоқ жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жүйе, ал сондай-ақ, меншік құқығында ҚТҚ жинау, тасымалдау қызметтері, ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан контейнерлік алаңдар мен контейнерлер бар жүйе.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі ұйымдастырылмаған.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, орталықтандырылған жүйені:
1) Экологиялық кодекстің 367-бабының 4-тармағына және Экологиялық кодекстің 365-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі қағидаларға сәйкес ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТҚ нарығына қатысушыларды айқындау жөнінде конкурс (тендер) өткізу;
2) тиісті елді мекендегі контейнерлік алаңдарда бөлек жинауға арналған контейнерлердің қажетті санын (2-ден кем емес) орнатуды ұйымдастыру, бұл халық саны, қалдықтардың жинақталу нормалары, мерзімдері секілді факторлар ескеріле отырып айқындалады;
3) елді мекенде контейнерлік алаңдардың және қайталама шикізатты қабылдау пункттерінің орналасуын айқындау;
4) Экологиялық кодекстің 365-бабына және Экологиялық кодекстің 368-бабының 5-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтарды басқару саласындағы ұлттық стандарттарға сәйкес контейнерлік алаңдар мен пайдаланылатын контейнерлерді бірыңғай салуды немесе реконструкциялауды іске асыру;
5) бөлек жиналған қалдықтарды тасымалдауды ұйымдастыру;
6) қалдықтарды бөлек жинау бойынша халықпен түсіндіру және ақпараттық жұмысты ұйымдастыру.
2.2 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылмаған жүйесіне қатысушылардың міндеттері
Жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйеге жатпайтын қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтерін пайдалану кезінде заңға сәйкес рұқсаттар мен хабарламалар тізіліміне енгізілген қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға шарт жасасуға міндетті.
3. Аймақ бойынша жалпы мәліметтері
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына 15 ауылдық округ кіреді, оның құрамына 49 ауыл кіреді (1 кесте). Халық негізінен жеке секторда тұрады, жалпы саны 39761 адам
1 кесте
Ауылдық округтер | Елді мекендер | Халық саны |
Ақжайық ауылдық округі | Ақжайық ауылы | 2862 |
Абай ауылы | 667 | |
Санаторий Ақжайық ауылы | 203 | |
Ыждағат ауылы | 121 | |
Талпын ауылы | 318 | |
Ақсоғым ауылдық округі | Ақсоғым ауылы | 556 |
Үлкен Еңбек ауылы | 384 | |
Бозай ауылы | 158 | |
Табынбай ауылы | 70 | |
Ақсуат ауылдық округі | Ақсуат ауылы | 1098 |
Пойма ауылы | 863 | |
Магистральный ауылы | 608 | |
Айтиев ауылы | 233 | |
Анқаты ауылдық округі | Аңқаты ауылы | 995 |
Балықцех ауылы | 55 | |
Ерсары ауылы | 55 | |
Қандық ауылы | 83 | |
Сатымшеген ауылы | 58 | |
Новая точка ауылы | 3 | |
Богданов ауылдық округі | Богдановка ауылы | 417 |
Придорожный ауылы | 58 | |
Сарсеново ауылы | 33 | |
Алғабас ауылы | 218 | |
Долин ауылдық округі | Долин ауылы | 843 |
Төнкеріс ауылы | 385 | |
Қоныссай ауылы | 68 | |
Шөптікөл ауылы | 190 | |
Подстепный ауылдық округі | Подстепный ауылы | 9671 |
Барбастау ауылы | 823 | |
Юбилейное ауылы | 430 | |
Тоқпай ауылы | 463 | |
Приречный ауылдық округі | Приречный ауылы | 700 |
Покатиловка ауылдық округі | Покатиловка ауылы | 949 |
Ұзынкөл ауылдық округі | Ұзынкөл ауылы | 859 |
Теректі ауылдық округі | Теректі ауылы | 5325 |
Жайық ауылы | 628 | |
Тақсай ауылы | 109 | |
Қабылтөбе ауылы | 45 | |
Шалқар ауылдық округі | Шалқар ауылы | 149 |
Сарыөмір ауылы | 1344 | |
Дуана ауылы | 118 | |
Шағатай ауылдық округі | Шағатай ауылы | 1055 |
Қызылжар ауылы | 275 | |
Құтсиық ауылы | 28 | |
Қоғалытүбек ауылы | 303 | |
Құмақсай ауылдық округі | Құмақсай ауылы | 655 |
Шаған ауылдық округі | Жаңа Өмір ауылы | 3710 |
Кемер ауылы | 466 | |
Бекей ауылы | 54 |
4. Қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайын талдау
Соңғы 3 жылда пайда болған ҚТҚ қалдықтарының көлемі - 45 499 тонна, әкетілгені-35 670 тонна.
2024 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында толықтылығы 50%-ға жуық қатты тұрмыстық қалдықтардың 29 үйіндісі бар. Сондай-ақ 2 рұқсат етілмеген үйіңді бар.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында контейнерлік алаңдардың саны 49 (оның ішінде жөндеуді қажет ететін 25), контейнерлер саны 519.
Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау жоспар бойынша бекітілген аумақтарда жүзеге асырылады.
Теректі және Подстепный ауылдық округтерінде ҚТҚ шығаруды сенімгерлік басқару негізінде ЖК "Иванич" және ЖК "Ғабдрахманов" жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының коммуналдық қалдықтарды шығару қызметімен қамтылған тұрғындарының саны-15 743 (Подстепный ауылы – 11 270 адам, Теректі ауылы – 4 472 адам, Ақсоғым ауылы-1 адам).
Теректі ауылдық округі бойынша коммуналдық ҚТҚ шығару жөніндегі қызметтер үшін абоненттік берешек пайызы-40%. Қалған елді мекендер бойынша-белгіленбеген.
Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымның жай-күйі бойынша жалпы мәліметтер 2-кестеде келтірілген.
2 кесте
№ п/п | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Саны |
2024 | |||
1 | Бөлек жинақ | тонна | жоқ |
2 | Қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы техника | бірлік | 3 |
3 | Коммуналдық қалдықтарды сұрыптау | м3 | - |
4 | Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу | м3 | - |
5 | Жыл сайынғы коммуналдық қалдықтарды көму | тонна | 98 |
6 | Жабдықталған полигондар | бірлік | - |
7 | Жабдықталмаған полигондар (қоршаусыз, жарықтандырусыз, қалдық газдарды жоюсыз) | бірлік | 29 |
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-4 шешімімен 3-кестеге сәйкес Теректі ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтер белгіленді.
3 кесте
Атауы | Есеп бірлігі | Теңге (Қосылған құн салығынсыз) |
Абаттандырылған үй иелері | айына 1 тұрғыннан | 285,95 |
Абаттандырылмаған үй иелері | айына 1 тұрғыннан | 315,64 |
Бірлікке жылдық тариф (көлем) | 1 м3 | 1 875,11 |
Қалдықтарды жинау, орналастыру және тасымалдау тәртібі коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Қалдықтарды сұрыптау, сақтау, кәдеге жарату, бейтараптандыру, өткізу жүзеге асырылмайды.
Қалдықтарды қайта өңдеу
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында қалдықтарды қайта өңдеу объектілері жоқ. ҚТҚ-ны сұрыптау және қайта өңдеу бойынша объектіні ұйымдастыру, сондай-ақ саны 500 адамнан асатын елді мекендерде қайта өңдеуге жіберу үшін шыны ыдысты, картонды және қара және түсті металл сынықтарын қабылдау пункттерін ұйымдастыру қажет.
Қалдықтарды кәдеге жарату және орналастыру
Соңғы 3 жылда жиналған 45 499 тонна қалдықтың 35 670 тоннасы шығарылды.
Бұл ретте қалдықтардың кейбір түрлерін арнайы бөлінген орындарға орналастыру, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар 4-кестеге сәйкес кәдеге жарату қажет.
4 кесте
№ п/п | Тыйым салынған қалдықтардың түрі | Өлшем бірлігі | Саны | Жоюдың қажетті әдістері |
1 | Сұйық күйдегі қалдықтар | м3 | - | Арнайы бөлінген сүзгі өрістері |
2 | Медициналық қалдықтар (Б,В класс қалдықтары) | кг | - | Медициналық құралдарды жою |
3 | Биологиялық қалдықтар (ветеринария) | кг | - | мал қорымдарына орналастыру |
4 | Пластмасса қалдықтары |
| 5 004,89 | Қайта өңдеу |
5 | Қағаз, картон және қағаз қалдықтары |
| 11374,75 | Қайта өңдеу |
6 | Құрамында сынап бар шамдар мен құрылғылар |
| - | Мамандандырылған ұйыммен кәдеге жарату |
7 | Шыны ыдыстар | бут | 2 730 | Қайта өңдеу |
8 | Шыны сынықтары | т | - | ҚТҚ полигоны |
9 | Түсті және қара металдардың сынықтары | т | 1 819 | Қайта өңдеу |
10 | Литий, қорғасын-қышқылды аккумуляторлар |
| - | Арнайы кәдеге жарату ұйымы |
11 | Электрондық және электрлік жабдықтар |
| - | Арнайы кәдеге жарату ұйымы |
12 | Қызметтен шыққан көліктер |
| - | Арнайы кәдеге жарату ұйымы |
13 | Құрылыс қалдықтары | м3 | - | ҚТҚ полигондарының арнайы бөлінген учаскелері |
14 | Тамақ қалдықтары | м3 | - | Арнайы тағайындалған сүзгі өрістері |
Ескертпе:
*шамамен алынған мөлшер
**үй шаруашылықтары отын ретінде ескі жиһаз түріндегі көлемді қалдықтарды пайдаланады
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы ауылдық округтерінің тұрғындарынан коммуналдық қалдықтардың пайда болу көлемін есептеу.
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 28-1 шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларына сәйкес жайластырылған үй иеліктерінен қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық нормасы бір тұрғынға 1,83 м3 және жайластырылмаған үй иелерінің (жеке сектордың)бір тұрғынына 2,02 м3 құрайды.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халыққа арналған тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығы (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14 қыркүйектегі бұйрығы. 2021 ж. № 377) 0,2 тонна/ м3 құрайды.
Коммуналдық қалдықтардың түзілуін есептеу келесідей жүргізіледі:
Қалдықтардың көлемі, м3 = халық саны, адам * коммуналдық қалдықтардың түзілу нормасы, м3
Қалдықтардың нақты көлемі, м3 = 39761 адам * 2,02 м3 /бір адамға = 80 317,22 м3.
Қалдықтардың салмағы, тонна = қалдықтардың көлемі, м3 * ҚТҚ орташа тығыздығы, тонна /м3
Қалдықтардың салмағы = 80317,22 м3 * 0,2 тонна / м3 = 16 063,444 тонна қалдық.
Осылайша, коммуналдық қалдықтардың түзілуінің орташа жылдық нормативтік көлемі 80 мың м3 ҚТҚ немесе 16 мың тонна қалдықты құрайды. Бұл жылына 15 166,3 тонна түзілетін қалдықтардың нақты мөлшеріне сәйкес келеді.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы округтері бойынша ҚТҚ түзілуінің жылдық нормативті көлемі (5-кесте).
5 кесте
№ п/п | Елді мекеннің атауы | Тұратын халықтың саны, адам | Коммуналдық қалдықтардың жиналуының жылдық нормасы, м3 | 1 м3 ҚТҚ салмағы, тонна | ҚТҚ түзілуінің жылдық көлемі, тонна=С*D*E |
1. | Ақжайық ауылдық округі 5 ауыл | 4171 | 2,02 | 0,2 | 1685,084 |
2. | Ақсоғым ауылдық округі 4 ауыл | 1168 | 2,02 | 0,2 | 471,872 |
3. | Ақсуат ауылдық округі 4 ауыл | 2802 | 2,02 | 0,2 | 1132,008 |
4. | Анқаты ауылдық округі 5 ауыл | 1249 | 2,02 | 0,2 | 504,596 |
5. | Богдановка ауылдық округі 4 ауыл | 726 | 2,02 | 0,2 | 293,304 |
6. | Долин ауылдық округі 4 ауыл | 1486 | 2,02 | 0,2 | 600,344 |
7. | Подстепный ауылдық округі 4 ауыл | 11387 | 2,02 | 0,2 | 4600,348 |
8. | Приречный ауылдық округі 1 ауыл | 700 | 2,02 | 0,2 | 282,8 |
9. | Покатиловка ауылдық округі 1 ауыл | 949 | 2,02 | 0,2 | 383,396 |
10. | Ұзынкөл ауылдық округі 1 ауыл | 859 | 2,02 | 0,2 | 347,036 |
11. | Теректі ауылдық округі 4 ауыл | 6107 | 2,02 | 0,2 | 2467,228 |
12. | Шалқар ауылдық округі 3 ауыл | 1611 | 2,02 | 0,2 | 650,844 |
13. | Шағатай ауылдық округі 4 ауыл | 1661 | 2,02 | 0,2 | 671,044 |
14. | Құмақсай ауылдық округі 1 ауыл | 655 | 2,02 | 0,2 | 264,62 |
15. | Шаған ауылдық округі 3 ауыл | 4230 | 2,02 | 0,2 | 1708,92 |
Жалпы | 39 761 адам | 16 063,444 тонна |
2024 жылғы қалдықтардың ағымдағы жағдайының сандық және сапалық көрсеткіштері
Коммуналдық қалдықтардың негізгі үлесі үй шаруашылықтарының қалдықтарына тиесілі – 70% - дан астам, 15% - өндіріс қалдықтары (тұрмыстық қалдықтарға тең), 10% - көшелерден жиналған қалдықтар, 5% - сауда орындарының қалдықтары.
2024 жылғы қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды талдау
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының аумағында барлық қалдықтар жинақтау үшін қоқыс үйінділеріне шығарылады, бұл ретте бүгінгі күні ҚТҚ қоқыс үйінділері санитарлық ережелердің талаптарына және кәдеге жаратудың экологиялық нормаларына сәйкес келмейді. Кейбір қоқыс үйінділері қоршаулармен жабдықталған.
6 кестеде қолданыстағы қоқыс үйінділері және контейнерлердің болуы туралы ақпарат беріледі.
6 кесте
№ | Округ | № | Елді мекен |
Қоқыс үйіндісінің елді мекеннен қашықтығы | Өлшемі (га) | Контейнерлердің нақты саны | Қалдықтардың түзілу нормасы, м3 | Тұрғындар санына негізделген ең аз талап етілетін сан* |
1 | Ақжайық ауылдық округі | 1 | Ақжайық | 1,5 | 9 | 0 | 5 781,2 | 42** |
2 | Абай | 0,8 | 6 | 0 | 1 347,3 | 10 | ||
3 | Талпын | 0,4 | 0,5 | 0 | 642,4 | 4 | ||
4 | Санаторий Ақжайық | 20 | 6 | 0 | 410,1 | 4 | ||
5 | Ыждағат | 22 | 6 | 0 | 244,4 | 2 | ||
2 | Ақсуат ауылдық округі | 6 | Ақсуат | 0,5 | 4 | 40 | 2 218 | 16** |
7 | Пойма | 1 | 4 | 0 | 1 743,3 | 12 | ||
8 | Магистральное | 3 | 4 | 0 | 1 228,2 | 8 | ||
9 | Айтиев | 5 | 4 | 0 | 470,7 | 4 | ||
3 | Анқаты ауылдық округі | 10 | Аңқаты | 5 | 18,6 | 3 | 2 009,9 | 12 |
11 | Новая точка | 3 | 0,4 | 0 | 6,1 | Аңқаты ауылынан шығару | ||
12 | Қандық | 2 | 0,4 | 0 | 167,7 | 2 | ||
13 | Ерсары | 3 | 0,4 | 0 | 111,1 | 2 | ||
14 | Сатымшеген | 2 | 0,4 | 0 | 117,7 | 2 | ||
15 | Балықцех | 3 | 0.7 | 0 | 111,1 | 2 | ||
4 | Ақсоғым ауылдық округі | 16 | Ақсоғым | 1,2 | 5 | 1 | 1 123,1 | 8 |
17 | Үлкен Еңбек | 2 | 4 | 1 | 775,7 | 6 | ||
18 | Бозай | 0,8 | 3 | 1 | 319,2 | 2 | ||
19 | Табынбай | 1,5 | 1 | 1 | 141,4 | 2 | ||
Богданов ауылдық округі | 20 | Богдановка | 0,8 | 4 | 0 | 842,3 | 6 | |
21 | Придорожный | 8 | 4 | 0 | 117,7 | 2 | ||
22 | Сарсенов | 14 | 4 | 0 | 66,7 | Алғабас ауылынан шығару | ||
23 | Алғабас | 13 | 4 | 0 | 440,4 | 4 | ||
6 | Долин ауылдық округі | 24 | Долин | 1 | 3,1 | 0 | 1 702,9 | 12 |
25 | Төңкеріс | 1,7 | 4 | 0 | 777,7 | 6 | ||
26 | Шөптікөл | 0,8 | 2 | 0 | 383,8 | 4 | ||
27 | Қоныссай | 0,6 | 1 | 0 | 137,4 | 2 | ||
7 | Құмақсай ауылдық округі | 28 | Құмақсай | 0.2 | 3 | 0 | 1 323,1 | 10 |
8 | Покатилов ауылдық округі | 29 | Покатилов | 0,630 | 5,4 | 0 | 1 917 | 14 |
9 | Подстепное ауылдық округі | 30 | Подстепный | 16 | 6 | 250 | 19 535,4 | 140** |
31 | Юбилейный | 12 | 6 | 0 | 868,6 | 6 | ||
32 | Барбастау | 6 | 6 | 0 | 1 662,5 | 12 | ||
33 | Тоқпай | 20 | 6 | 20 | 935,3 | 6 | ||
10 | Приречное ауылдық округі | 34 | Приречный | 3 | 4 | пластик үшін 8 | 1 414 | 10 |
11 | Ұзынкөл ауылдық округі | 35 | Ұзынкөл | 1 | 4 | пластик үшін 5 | 1 735,2 | 12 |
12 | Теректі ауылдық округі | 36 | Теректі | 2,5 | 5 | 252 | 10 756,5 | 80** |
37 | Тақсай | 1,5 | - | 0 | 220,2 | 2 | ||
38 | Жайық | 1 шқ дейін | - | 0 | 1 268,6 | 10 | ||
39 | Қабылтөбе | 0 | 0 | 0 | 90,9 | 2 | ||
13 | Шаған ауылдық округі | 40 | Жаңа Өмір | 2 | 6 | 15 | 7 494,2 | 54 |
41 | Кемер | 2 | 2.5 | 0 | 7 934,2 | 6 | ||
42 | Бекей | 18 | 6 | 0 | 109,1 | 2 | ||
14 | Шағатай ауылдық округі | 43 | Шағатай | 0,5 | 3 | 0 | 2 131,1 | 16 |
44 | Қызылжар | 2 | 1 | 0 | 555,5 | 4 | ||
45 | Құтсиык | 6 | 1 | 0 | 56,6 | 2 | ||
46 | Қоғалытөбек | 2 | 1 | 0 | 612,1 | 4 | ||
15 | Шалқар ауылдық округі | 47 | Шалкар | 1 | 0 | 301 | 2 | |
48 | Сарыөмір | 1 | 2 | 20 | 2 714,9 | 20 | ||
49 | Дуана | 1 | 0 | 238,4 | 2 |
*контейнердің көлемі 750 м3 болғанда;
**мекемелер мен ұйымдарға арналған контейнерлер санын есептемегенде
Қоқыс үйінділері пайдалану мерзімін аяқтады, қалпына келтіру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршауларды орнату қажет.
Подстепный ауылындағы қоқыс үйіндісі белгіленген жүктемеден асады, сондай-ақ жақын орналасқан объектілердің шекараларын бұзуда. Осыған байланысты осы қоқыс үйіндісін жою, жер учаскесін рекультивациялау талап етіледі және қалдықтарды көму пунктін қамтамасыз ету мақсатында Жаңа Өмір ауылындағы ҚТҚ полигонын қоқыс сұрыптау желісін, пресс-қондырғыларды және арнайы көлікті орнатумен толықтай инженерлік жобалау қажет.
Қалдықтардың пайда болу көздерінен қалдықтарды бөлек жинау жүйесі жоқ.
Қалдықтардың органикалық бөлігі қоқыс үйінділеріне шығарылмайды. Органикалық қалдықтардың едәуір бөлігі үй жануарларына беріледі немесе үй жағдайында компост жасалады.
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №31-2 шешімімен 2023 жылға елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 6 882 мың теңге (Подстепный ауылдық округіне - 4 000 мың теңге, Шалқар ауылдық округіне - 882 мың теңге, Теректі ауылдық округі – 2000 мың теңге) бөлінді. Бұған дейін 2019-2021 жылдар аралығында жыл сайын 5,981 мың теңге бөлінді. (Ақсуат ауылдық округі – 3262 мың теңге, Подстепный ауылдық округі – 2000 мың теңге, Теректі ауылдық округі – 719 мың теңге).
Бұл қаражат коммуналдық қалдықтарды жедел және сапалы басқаруға жеткіліксіз, сонымен қатар басқа ауылдық округтерге де қаржы бөлу қажет.
Қалдықтарды жинау және қайта өңдеу тарифтерін ескере отырып, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін, қалдықтарды жинау мен өңдеуге бекітілген тарифтерді негізге ала отырып, қажетті ресурстар әрбір ауылдық округке бөлінуі қажет.
Приречное және Ұзынкөл ауылдарында пластикке арналған контейнерлерді орнату жөніндегі шараларды қоспағанда, қоқысты бөлек жинау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және халықты ақпаратпен қамтамасыз ету жүргізілмейді.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру үшін мынадай пайыздық арақатынас ұсынылады: 2025 жылға қарай - 60% жергілікті бюджет және 40% инвестициялар, 2028 жылға қарай көрсеткіштерге біртіндеп қол жеткізе отырып: 10% жергілікті бюджет, 90% - инвестициялар.
5. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері және нысаналы көрсеткіштері
5.1 Мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жауапты жұмыс істеуді, қалдықтардың пайда болуын болғызбауды және азайтуды, оларды екінші шаруашылық айналымға тартуды қамтамасыз ететін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру,соның ішіңде:
қалдықтарды экологиялық бағдарланған жинау, сақтау, орналастыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату инфрақұрылымын құру және дамыту;
экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін аумақтарды рекультивациялау не оларды жою үшін объектілерді айқындау;
қалдықтарды қайта өңдеу үлесіне қол жеткізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету-жиналған қалдықтардың жалпы көлемінің 40%;
экологиялық ағарту және қалдықтармен жауапты жұмыс істеу бойынша халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай негізгі міндеттерді шешу қажет:
1) Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының коммуналдық қалдықтарын кешенді басқарудың ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыру;
2) қалдықтардың әртүрлі түрлерін, оның ішінде қауіпті қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін ұйымдастыру;
3) инфрақұрылым объектілері ұйымдарынан қоқыстарды бөлек жинауды енгізу;
4) ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу жүйелерін енгізу;
5) халыққа қалдықтарды бөлек жинау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қалдықтарды бөлек жинау жөнінде іс-шаралар мен акцияларға халықты тарту;
6) коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі өңірлік операторларды конкурстық іріктеу:
қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жөніндегі объектілерді салу және реконструкциялау;
табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерін пайдаланудан шығару және рекультивациялау;
қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау мақсатында шарттар жасасу.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізуді, тапсырмалар мен бағдарламаның іс-шараларын орындауды бағалау үшін 7-кестеде көрсетілген нысаналы көрсеткіштер белгіленді. Бағдарламаны іске асыру барысында нысаналы көрсеткіштердің тізбесі толықтырылуы және / немесе түзетілуі мүмкін.
5.2 Нысаналы көрсеткіштер
7 кесте
№ п/п | Нысаналы көрсеткіштің атауы | 2024ж. | 2025ж. | 2026ж. | 2027ж. | 2028ж. |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | Халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерімен қамтуға қол жеткізу | 40% | 50% | 65% | 85% | 100% |
2 | Халықтан қайталама ресурстарды қабылдау пункттерінің санын ұлғайту | 3 | 10 | 20 | 30 | 37 |
3 | Қатты коммуналдық қалдықтарды сұрыптау процесіне тартылған халықтың үлесі | 10% | 20% | 35% | 50% | 70% |
4 | Қайта өңделген қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесіне қол жеткізу | 0% | 0% | 10% | 20% | 40% |
5 | Қатты коммуналдық қалдықтарды көмуге (көмуге) жіберілетін қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесін қысқарту | 100% | 100% | 90% | 80% | 60% |
6 |
Экологиялық талаптар | 0 | 0 | 50% | 100% | - |
7 | Сұрыптау желісі бар жабдықталған ҚТҚ полигондарын салу | - | - | - | - | 1 |
8 | Жойылған қоқыс үйінділер саны және рекультивация жүргізілген жер учаскілер саны | - | 1 | - | - | - |
9 | Қалдықтарды бөлек жинау үшін қоқыс контейнерлерімен 100% қамтамасыз ету | - | 50% | 100% | - | - |
10 | ҚТҚ ды уақытылы шығаруды қамтамасыз ету үшін қоқыс таситын көліктерді толықтыру | 2 | 2 | 2 | - | - |
11 | Қоқыс үйінділерін санитарлық нормаларға сәйкестендіру | - | 100% | - | - | - |
6. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
6.1 Коммуналдық қалдықтарды басқару механизмін құру
Қайта өңдеудің кешенді тәсілі ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауға негізделуі және қалдықтардың құрамы мен мөлшерінің болашақ өзгерістеріне бейімделу үшін қажетті икемділікті қамтамасыз етуі керек. Іс-шаралар нәтижелерін мониторингілеу және бағалау қалдықтарды басқару бағдарламасының кезеңдерін әзірлеуді және іске асыруды үздіксіз сүйемелдеуге тиіс. Іс-шаралар 2024-2028 жылдарға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасына қабылданды. Басқару жүйесін қарастыра отырып, келесі тұжырымдар жасауға және ұсыныстар беруге болады:
Аудан бойынша қолданыстағы контейнерлік алаңдарды сәйкестендіруге, сондай-ақ мұндай алаңдар жоқ елді мекендер үшін контейнерлердің және/немесе жинақтаушы бункерлердің қажетті санын орната отырып, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерге орынды айқындау және арнайы жабдықталған алаңды орнату;
Барлық алаңдарды бірыңғай үлгідегі контейнерлермен жабдықтау және оларды қалдықтардың түрлері бойынша таңбалауды жүргізу;
Арнайы жабдықталған алаңдарда бөлек жинау бойынша талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Қоқыс үйінділеріне түсетін жүктемелерді азайту және өздігінен пайда болатын қоқыс үйінділер санын азайту мақсатында қалдықтарды қабылдау пунктіне дейін тасымалдаудың барлық тізбегін, қайталама шикізат ретінде ҚТҚ-ны бақылау арқылы ҚТҚ түрлері бойынша сұрыпталғандармен жұмыс істеуге жауапты адамды тағайындау тапсырылсын;
Белгілі бір кезеңділікпен персоналды қалдықтарды жинау ережелері бойынша оқытуды жүргізу. Қалдықтарды әкетуге және есепке алуға жауапты персонал үшін қосымша тренингтер өткізу, онда оларды құжаттаманы жүргізу және мердігер ұйымдармен жұмыс істеу ережелеріне үйрету. Жаңа қызметкерлермен жұмысқа қабылдау кезінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында қалдықтармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық өткізу;
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының елді мекендері үшін коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және/немесе жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен, яғни жеке кәсіпкерлермен немесе заңды тұлғалармен қажетті шарттардың уақтылы жасалуын бақылауды қамтамасыз ету.
"Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мердігер ұйымдардың қалдықтарды шығаруын уақтылы бақылауды жүзеге асырсын.
6.2 Қалдықтарды бөлек жинауды енгізу жөніндегі шаралар
Бөлек жинау жүйесін енгізу үшін келесі шараларды орындау қажет:
1. Барлық контейнерлік алаңдарда ҚТҚ құрғақ фракциясын бөлек жинауға арналған контейнерлерді орнатуды қамтамасыз ету және қайталама шикізатты бөлек әкетуді қамтамасыз ету;
2. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін жинау және қалпына келтіру жүйесін ұйымдастыру;
3. Арнайы орындарды ұйымдастыру және тұрғындарда пайда болатын коммуналдық қалдықтар мен құрылыс қалдықтарын тасымалдау үшін мамандандырылған компанияны анықтау.
6.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу санын азайту
Төменде әзірленген және ұсынылған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары сапалық және сандық көрсеткіштерді, орындалу мерзімдерін және болжамды шығыстарды ескереді. Бұл іс-шара елеулі экологиялық әсер береді, өйткені қалдықтардың саны мен сапасы бойынша негізгі қалдықтарды орналастыру көлемін азайтады және осылайша қоршаған ортаға техногендік жүктемені азайтады.
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында зерттелетін болады:
экономикалық тиімділік және қалдықтарды қайта өңдеуге және қайта пайдалануға тарту жолдары;
пайдалануға жарамдылығын бағалау үшін қалдықтардың осы түрінің құрамын талдау;
нарықта қайта өңдеу технологияларының жаңа технологиялық шешімдерінің болуы, олардың орындылығын және өндірістік процестерге енгізудің мүмкін жолдарын талдау.
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында орналастырылатын қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуды қамтамасыз ететін шешуші фактор оларды кәдеге жарату процесі болып табылады.
6.4 Конкурс (тендер) өткізу арқылы ҚТҚ жинау, тасымалдау және көму жөніндегі субъектілерді айқындау және экологиялық заңнамаға сәйкес талаптарды белгілеу
ҚР ЭК 367-бабы 4-тармағына және "Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін ЖАО конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады, ҚТҚ нарығына қатысушыларды ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 4-тарауына сәйкес айқындайды.
ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 4-тарауы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды белгілейді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының (ЖАО) конкурстық құжаттамасында, оның ішінде үлгілік болып табылатын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қамтылуға тиіс. Шартқа қосымшаларда қызмет көрсету/жұмыстарды орындау көлемі, талаптары, техникалық ерекшелігі көрсетіледі.
ҚТҚ жинау және тасымалдаумен мамандандырылған кәсіпорындар айналысуы тиіс, олардың қызметі бірінші кезекте ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
ҚШҰ таңдау кезіндегі негізгі талаптардың бірі- ҚР ЭТРМ тізілімінде ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі компанияның болуы, яғни қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама беру. Қауіпті емес қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес ҚР ЭТРМ-ға қызметтің басталғаны туралы хабарлама беруге міндетті. Хабарлама тәртібіне сәйкес келмейтін ҚШҰ конкурсқа жіберілмейді және ҚТҚ жинау және әкету бойынша қызметтер көрсете алмайды. Себебі қауіпті емес қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша қызметті ҚР ЭТРМ-ға хабарлама бермей жүзеге асыруға тыйым салынады.
Егер кәсіпкерлік субъектілері қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және жою жөніндегі жұмысты көрсетсе, онда олар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қызметтің тиісті кіші түрі бойынша жұмыстарды орындауға лицензия алуға міндетті.
Медициналық қалдықтарды, құрамында сынабы бар қалдықтарды, электр және электрондық жабдықтың қауіпті қалдықтарын өңдеуге мамандандырылған ұйымдардың лицензиясы болуға тиіс.
ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі қызметтердің сапасын арттыру үшін коммуналдық қалдықтарды басқаруға бәсекелестік негізде ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу қажет. Ұзақ мерзімді келісімшарттар ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі субъектілерге компанияларды дамытуға өз қаражатын салуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келісімшарттардың нәтижелері бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелерін көруге және бағалауға болады. Кем дегенде 5 жылға келісімшарт жасау нұсқаларын қарастырыңыз.
6.5 Дербес деректерді бермей ҚШҰ үшін халықты тіркеу туралы мәліметтерге қол жеткізуді ұсыну
ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге және халықтың уақтылы төлеуіне тарифтің жиналуын арттыру үшін ЖАО-ның халықты тіркеу туралы мәліметтерге қол жеткізуге қатысты мамандандырылған ұйымдармен өзара іс-қимылын күшейту жоспарлануда.
Азаматтарды тұрғылықты, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу кезінде жаңа тіркеу мекенжайы туралы мәліметтер нақты уақыт режимінде ІІМ ақпараттық жүйесінен эталондық деректер банкі болып табылатын және оған қол жеткізу барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) қамтамасыз етілген "жеке тұлғалар" Мемлекеттік Деректер базасына (әкімші - ҚР ӘМ) беріледі ҚР.
Осы интеграция шеңберінде ЖАО ҚТҚ жинау, әкету, қайта өңдеу және көму үшін төлемдерді дұрыс есептеуге мүмкіндік беретін мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың саны туралы мәліметтерді иесіздендірілген түрде (дербес деректерді берусіз) ҚШҰ-ға беретін болады.
7. Іс-шаралар жоспары
Мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, ол 8-кестеде келтірілген.
Іс-шаралар жоспары міндеттер мен көрсеткіштер бойынша топтастырылған, жауапты орындаушылар көрсетілген. Іс-шаралар жоспары күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Бағдарламаның барлық жауапты орындаушыларының жұмыстарына кешенді көзқарас пен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Бағдарламаға енгізілген үлгілік техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, құрылыс жөніндегі іс-шаралар энергия үнемдеуді және коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы қызметтің энергетикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалануды көздеуге тиіс, іс-шаралар жоспарын түзету мониторинг нәтижелері бойынша негізделген ұсыныстар болған кезде қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері бойынша қойылған мақсаттарға, міндеттерге және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда өзге де іс-шаралар айқындалады және анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылданады.
Мониторинг нәтижелері бойынша "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-сі бағытталған шешімдер шығарады:
1) бағдарламалардың белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шараларды іске асырудың (өзге де іс-шараларды айқындаудың) тиімділігін арттыру;
2) анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдау.
"Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бағдарламаға тапсырыс беруші ретінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бағдарламаның барлық орындаушыларының іс-қимылын үйлестіре отырып, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының аумағында коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді тәсілді қалыптастырады және қамтамасыз етеді;
2) бағдарламаны іске асырудың ұйымдастырушылық мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
3) коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі субъектілермен, мемлекеттік мекемелермен, әлеуметтік объектілермен, заңды тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен, жеке тұлғалармен Бағдарлама іс-шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) Бағдарлама іс-шараларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, Қоғамдық кеңестің отырыстарында талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;
5) бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздей отырып, іс-шараларды, нысаналы көрсеткіштерді, Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға арналған шығындарды түзетуді, оның ішінде келіп түскен ұсыныстар негізінде жүзеге асырады;
6) Бағдарлама іс-шараларының іске асырылу барысын тексеруге қатысады;
7) Бағдарламаны, сондай-ақ Бағдарлама іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ ресми сайтында орналастырады.
Бағдарламаның орындаушылары: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімдігі ("Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жауапты орындаушысы), коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, қалпына келтіру және көму жөніндегі субъектілер, мемлекеттік мекемелер болып табылады. мекемелер, әлеуметтік объектілер, заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, ҮЕҰ және басқа да мүдделі тараптар.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
8 кесте