Teniz Resources Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № А-5/196 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының аумағында орналасқан бар жалпы ауданы 7338 гектар жер учаскесіне және қордағы жерлерге Тeniz Resources Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылғы 23 желтоқсанға дейінгі мерзімге жер учаскесін алып қоймай, жария сервитут белгіленсін.

      2. Teniz Resources Ltd жеке компаниясы (келісу бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Д. Қ. Сыздықовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі Е.Жүсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады