Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2024 жылғы 06 желтоқсандағы № ЖТ-2024-06217092 өтініші негізінде Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қабанбай батыр ауылы, Қабанбай Батыр ауылдық округі жерінде орналасқан "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 (бір) жыл мерзімге талшықты оптикалық байланыс желісін жобалау және салу үшін жер теліміне шектеулі жер пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы орналастырылсын.
2. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын сақтасын;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдансын;
3) жұмыс аяқталғаннан кейін, бұзылған жер учаскелерін нысаналы тура мақсатта пайдалану үшін қалпына келтірсін.
3. Жоғарыда қойылған мерзім өткен соң осы қаулының күші жойылсын деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.А. Нұртазинге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д.Сабырғали |