Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 3142,547 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 30 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |