Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 86 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 27663,784 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 30 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Д. Ермағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады