Хромтау ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 1 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы.

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57 бабына және 2025 жылғы 31 наурыздағы Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 2 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Хромтау ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 1 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Н. Тлеумұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады