БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы қалпына келтіру құны – есептілік күніне активті сатып алу нәтижесінде мемлекеттік мекемеде туындауы мүмкін шығындар;
2) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге/қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
3) айырбасталмайтын операциялар – айырбасталатын болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құнды алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды береді;
4) активтер – болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар;
5) активтi алмастыру құны – активтiң жалпы сервистік әлеуетін алмастыру үшiн қажет құн;
6) активтiң құнсыздануы – амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар;
7) активтің құнсыздануынан болатын шығын – оны алмастыратын құннан асатын активтің баланстық құнының сомасы;
8) активтiң өтелетiн құны сатуға және оның пайдалану құндылығын жұмсалатын шығындарды шегере отырып, активтiң әдiл құнының ең көп мәнi;
9) ақша қаражатының ағыны – ақша мен олардың баламаларының ағындары (түсімдері) мен шетке кетуі (төлемдер);
10) ақшалай баламалар – ақша қаражатының белгiлi бiр сомасына оңай айырбасталатын және құнының өзгеруiнiң елеусiз тәуекелiне ұшырайтын қысқа мерзiмдi, жоғары өтiмдi инвестициялар;
11) ақшалай емес (монетарлы емес) баптар – ақшалай болып табылмайтын баптар;
12) ақшалай (монетарлы) баптар – қолдағы бар валюта бірліктері, сондай-ақ валюта бірліктерінің тіркелген немесе айқындалатын санында көрініс тапқан алуға немесе төлеуге жататын активтер мен мiндеттемелер;
13) амортизация – пайдалы қолдану мерзiмi iшiнде активтiң амортизацияланатын құнының жүйелiк бөлiнуi;
14) 1 аннуитет – белгілі бір жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағымы;
15) аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы;
16) ауыл шаруашылығы қызметі – оларды сату, ауыл шаруашылығы өнімін алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында субъектінің биологиялық активтердің биотрансформациясын басқаруды жүзеге асыруы;
17) әділ құн – актив айырбастала алатын сома, ол бойынша жақсы хабардар, мұндай операция жасауға ниетті, тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасағанда міндеттеме өтеле алатын сома;
18) бағалау міндеттемесі – шамасы бойынша белгіленбеген немесе орындалу мерзімі белгіленбеген міндеттеме;
19) бағамдық айырма – басқа валюталық бағамдар бойынша бір валюта бірлігінің бірдей санын басқа валютаға қайта есептеу кезінде туындайтын айырма;
20) баланстық құн – ол бойынша актив немесе міндеттеме бухгалтерлік баланста танылатын сома;
21) белсендi нарық – мынадай:
нарық айналымындағы тауарлар бiртектi болып табылуы;
iс жүзiнде кез келген уақытта мәмiле жасауға ниеттi сатып алушылар мен сатушылар болуы;
баға туралы ақпарат жалпы қолжетiмдi болып табылуы шарттарының барлығы орындалатын нарық;
22) берілген қарыздардың номиналды және әділ құны немесе ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер арасындағы оң немесе теріс айырманың амортизациясы – есептелген айырма сомасын табыстарға немесе шығыстарға біртіндеп жатқызу;
23) биологиялық актив – жануар немесе өсімдік;
24) болашақ кезеңдердің кірістері – болашақ кезеңдерге жатқызылған, бірақ іс жүзінде есепті кезеңде алынған кірістер;
25) болашақ кезеңдердің шығыстары – осы кезеңде жүргізілген, бірақ болашақ кезеңдерге жатқызылған шығыстар;
26) бірлескен бақылау – маңызды іс-қимылдар туралы шешім бақылауды жүзеге асыратын тараптардың толық келісімін талап еткен кезде болатын міндетті күші бар келісім нысанындағы қызметке бақылауды келісілген түрде бөлу;
27) бірлескен кәсіпорынның қатысушысы – бірлескен кәсіпорындағы осы бірлескен кәсіпорынға бірлескен бақылауы бар тарап;
28) бірлескен қызмет – екі немесе одан да көп тараптар бірлесіп бақылайтын қызмет;
29) бухгалтерлік операциялар деректерінің бірыңғай қоймасы (бұдан әрі – БО ДБҚ) – бұл басқарушылық шешімдер қабылдау үшін есептілікті, талдауды құруды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік операцияларының орталықтандырылған дерекқоры;
30) валюталық бағам – "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген) бекітілген тәртіппен айқындалған бір валютаны басқасына айырбастаудың нарықтық бағамы;
31) вексель – біржақты сөзсіз ақшалай міндеттемені қамтитын қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты;
32) елеулі ықпал – басқа ұйымның қаржы және операциялық саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысу өкілеттігі, бірақ мұндай саясатты бақылау немесе бірлескен бақылау емес;
33) ең аз жалдау төлемдері – жалға алушыдан шартты жалдау төлемін, жалға беруші төлейтін қызметтер мен салықтардың төлемі бойынша соманы немесе оған қайтарылатын соманы алып тастағанда жалдау мерзімі бойы талап етілетін немесе талап етіле алатын төлемдер:
жалға алушы үшін – жалға беруші кепілдік беретін немесе жалға берушімен байланысты тарап кепілдік беретін кез келген сомамен;
жалға беруші үшін – мынадай тараптардың бірі жалға берушіге кепілдік берген кез келген қалдық құнмен:
жалға алушы;
жалға алушымен байланысты тарап;
34) есеп саясаты – барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын, мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті жасау және ұсыну кезінде қолданатын қағидаттар, негіздер, ережелер, қағидалар мен тәжірибе;
35) есептеу әдісі – операциялар мен оқиғалар орын алған есепті кезеңдегі (ақшалай қаражаты мен олардың баламаларының нақты түсімі мен төлеміне байланысты емес) оларды жасау фактісі бойынша танылатын бухгалтерлік есеп әдісі;
36) есептік ақпараттық жүйесі – бұл бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі функцияларды автоматтандыруға арналған бағдарламалық өнім;
37) жалдау – ол бойынша жалға беруші жалға алушыға келісілген уақыт кезеңі ішінде төлемге немесе төлемдер тобына айырбастауға активті пайдалану құқығын беретін шарт;
38) жалдау мерзімі – жалға алушы активті жалдауға келіскен кезең, сондай-ақ, егер жалдау мерзімінің басталу сәтінде жалға алушы осындай таңдау жасайды деген дәлелді сенімділік болса, кез келген қосымша мерзім, ол мерзімде жалға алушының таңдауы бойынша төлем арқылы немесе онсыз активті жалдауды жалғастыра алады;
39) заңды міндеттеме – заңнама немесе шарт негізінде туындайтын міндеттеме;
40) инвестициялық жылжымайтын мүлік – жалдау төлемдерін алу немесе капитал немесе екеуінің де құнын өсіру мақсатында иеліктегі (меншік иесінің немесе жалға алушының қаржылық жалдау шарты бойынша) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат не анау да мынау да), бірақ:
өндірісте немесе әкімшілік мақсаттар үшін тауарларды жеткізгенде, қызметтерді көрсеткенде қолдану үшін емес;
қалыпты шаруашылық қызмет барысында сату үшін;
41) инвестициялық жылжымайтын мүліктің өзiндiк құны – төленген ақша қаражатының немесе оның баламасының сомасы немесе оны сатып алу не құру сәтiнде активтi сатып алу мақсатында берiлген басқа орнын алмастырудың әдiл құны;
42) кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
43) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары – мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын еншілес, тәуелсіз және өзге де заңды тұлғаларға бюджет қаражатын салу;
44) кірістер – капиталда қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің\капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің өсуі;
45) қаржылық есептілікті беру валютасы – қаржылық есептілік берілетін валюта;
46) қаржылық жалдау – жалдау мерзімінің уақыты өткеннен кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдалардың жалға алушыға елеулі ауыстырылуы болатын жалдау;
47) қаржы міндеттемелері – бұл:
ақша қаражатын немесе кез келген басқа қаржы активін басқа субъектіге төлеу туралы;
пайдасыздығы ықтимал болып табылатын жағдайларда екінші субъектiмен қаржы құралдарын алмасу туралы шартты мiндеттеме болып табылатын кез келген мiндеттеме;
48) қауымдасқан ұйым – инвестордың елеулі ықпалы бар ұйым;
49) қорлар – мынадай:
өндірістік процесте пайдалану үшін шикізат және материалдар түріндегі;
қызмет көрсету кезінде тұтынылатын немесе таратылатын шикізат пен материалдар түріндегі;
кәсіпорынның қалыпты қызметі барысында сатуға немесе таратуға арналған;
сату немесе тарату үшін өндірілетін активтер;
50) материалдық емес актив – физикалық нысаны жоқ сәйкестендірілетін монетарлы емес актив;
51) мәдени мұра активтері – мәдени, экологиялық немесе тарихи маңыздылығы салдарынан мәдени мұра активтері болып табылатын активтер. Оларға тарихи ғимараттар мен монументтер, бірегей сәулет ескерткіштері, археологиялық қазбалар орындары, қорықтар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары жатады;
52) міндеттеме – өткен оқиғалардан туындайтын мемлекеттік мекеменің міндеттемесі, оны реттеу экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстың шығып қалуына әкеп соқтырады;
53) нарықтық белгіленген баға – сатудан алына алатын немесе белсенді нарықта қаржы құралын сатып алу кезінде төленуі тиіс ақша қаражатының сомасы;
54) негізгі құралдар – мынадай:
тауарларды өндіруде немесе жеткізуде немесе қызметтер көрсетуде пайдалану үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұсталатын;
бір жылдан астам уақыт ішінде қолданылады деп күтілетін материалдық объектілер;
55) операциялық жалдау – қаржы жалдауынан ерекшеленетін жалдау;
56) орындылық – ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды болып табылады және оларға оқиғаларды бағалауға, олардың өткен бағаларын растауға немесе түзетуге көмектеседі;
57) пайдалы қолдану мерзімі – актив субъектінің пайдалануы үшін жарамды болады деп күтілетін уақыт кезеңі; не мемлекеттік мекеме осы активтің көмегі арқылы алуға болжап отырған өнімнің белгілі бір саны немесе ұқсас көрсеткіш;
58) ретроспективті қолдану (есеп саясатындағы өзгерістер) – жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғалар мен жағдайларға осы есеп саясаты әрқашан пайдаланылатын түрде қолдану;
59) салыстырмалық – түрлі кезеңдердегі және түрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін ортақ әдіснама бойынша жүзеге асырылады;
60) сенімді ұсыну – экономикалық немесе басқа құбылысты сенімді түрде білдіретін, мәміленің мәнін, басқа оқиғаны, қызметті немесе жағдайды көрсететін ақпарат, олардың заңды формасына әрдайым сәйкес келмейді;
61) сервистiк әлеует – мемлекеттiк мекеменiң функцияларына сәйкес қызмет көрсету, сондай-ақ тауарларды өндiру үшiн пайдаланылатын, бiрақ ақша қаражатының таза түсiмiн тiкелей қамтамасыз етпейтiн активтер;
62) таза активтер/капитал – оның барлық міндеттемелерін алып тастағанда қалатын, мемлекеттік мекеменің активтердегі үлесі;
63) таза сатылатын құн – сатуға, айырбастауға немесе таратуға байланысты болжамды шығындарды және аяқтау бойынша болжамды шығындарды алып тастағанда, қалыпты қызмет процесінде сатудың күтілетін бағасы;
64) тану – бухгалтерлік балансқа немесе қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепке қаржылық есептілік элементтерінің бірін айқындауға сай келетін және оны тану өлшемшарттарына қанағаттандыратын бапты енгізу процесі;
65) тарату құны – егер актив пайдалы қолдану мерзiмiнiң соңына жеткен болса, ал оның жай-күйi пайдалы қолдану мерзiмiнiң аяғында күтiлетiндей жағдайда болған кезде есеп шығындарын есептен шығарғаннан кейiн бүгiнгi таңда активтi есептен шығару кезiнде алуға болатын бағалау сомасы;
66) тексерушілік – пайдаланушыларды қаржылық есептіліктегі ақпараттың дұрыс екендігіне сендіруге көмектесетін ақпарат сапасы;
67) түсініктілік – қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті;
68) уақтылылық – есеп беру және шешім қабылдау мақсаттары үшін өзінің пайдалылығын жоғалтпас бұрын пайдаланушылар үшін ақпараттың қолжетімділігі;
69) функционалдық валюта – субъект жұмыс істейтін негізгі экономикалық орта валютасы;
70) шартты актив – өткен оқиғалардан туындайтын және болуы туындауы белгісіз және кәсіпорынның толық бақылауында болмайтын бір немесе бірнеше болашақ оқиғалардың болуымен немесе болмауымен ғана расталатын ықтимал актив;
71) шартты міндеттеме – өткен оқиғалардан туындайтын және болуы туындауы белгісіз және мемлекеттік мекеменің толық бақылауында болмайтын бір немесе бірнеше болашақ оқиғалардың болуымен немесе болмауымен ғана расталатын ықтимал міндеттеме;
72) шетел валютасы – функционалдық валютадан ерекшеленетін валюта;
73) шетел валютасындағы операция – шетел валютасында көрсетілген немесе реттеуге жататын мәміле;
74) шығыстар – шетке кету түрінде есепті кезең ішінде экономикалық пайда немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталда қатысатын тұлғаларға бөлуге қатысты азаюдан ерекшеленетін, таза активтердің/капиталдың азаюына әкелетін активтердің азаюы мен міндеттемелердің туындауы.";
18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1. Салық төлеушілердің жеке шоттарының (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сома) қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке түсетін салықтық түсімдерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік немесе коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғалардағы қатысу үлестеріне кірістердің бір бөлігінің түсімдерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттар тиісті салалардың уәкілетті органдары немесе жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты берген деректер болып табылады.
"е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ИААЖ) талдау орталығы кіші жүйесі "Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдау материалдарын дайындау" талдау орталығы (бұдан әрі – ТО) алынған түсімдер бойынша есептер нысаны бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді есептеу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.";
20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20-1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 83-бабына сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібі айқындалған мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес дербес деректерді қорғау шараларын сақтай отырып, өздерінің есептік ақпараттық жүйесінен күн сайын интеграциялық сервистер арқылы бухгалтерлік операциялар бойынша БО БДҚ-ға деректерді беруді жүзеге асырады. БО БДҚ-ны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіреді.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімді ұсыну, салыстырмалылық, уақтылылық және тексерушілік болып табылады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Таза активтер/капитал – бұл барлық міндеттемелер шегерілгеннен кейін қалған активтердегі үлес.
Таза активтер/капитал қаржылық жағдай туралы есептегі қалдықтың мөлшерін көрсетеді (активтер минус міндеттемелер) және оң немесе теріс болуы мүмкін.";
70-тармақтың бірінші бөлігі орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
74-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74-4. Мемлекеттік мекемелер кассаларында банктен чек бойынша және корпоративтік төлем карточкасын пайдалану арқылы алынған қолма-қол ақшаны барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға көзделген ақшалай қаражатты қоспағанда, қызмет көрсететін банктен ақша алған күнді қоспағанда, үш жұмыс күннен артық емес сақтайды.
Мемлекеттік мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақша, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға көзделген ақшалай қаражатты қоспағанда, қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қолма-қол ақшаны тиісті бақылау шоттарына есептеу үшін банкке тапсырады.
Ақшаны, оларды алдын ала тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына тапсырмастан, пайдалануға рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік мекеменің кассасындағы қолма-қол ақшаның қалдықтары есепті жылдың 31 желтоқсанына банкке өткізіледі.";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Қаржы активтерін немесе қаржылық міндеттемелерді алғаш мойындау кезінде қаржылық нәтиже арқылы әділ құнымен есепке алынбайтын қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелер, мұндай қаржы активін немесе қаржылық міндеттемені сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындар жағдайында ұлғайтылған немесе азайтылған әділ құны бойынша бағаланады.";
88-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін түзуге немесе толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі берген негізгі құралдары бухгалтерлік есепте көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланстық құны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерін (мемлекеттік кәсіпорындарды) түзуге немесе толықтыруға негізгі қаражатты беру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді:
2120 "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" шотының дебеті 2300 "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шоттарының кредиті;
жинақталған амортизация сомасына:
2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының дебеті және 2300 "Негізгі құралдар" шоттарының кредиті.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (мемлекеттік кәсіпорындардың) жарғылық капиталына қаржылық инвестициялар негізгі қаражатты қайтару жолымен азайған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдау-беру актісінің негізінде шоттардың кері корреспонденциясымен жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес негізгі құралдарды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдарды бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуына ақы төлеуге беру кезінде жазбалар сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау (жете бағалау):
2300 "Негізгі құралдар" шотының дебеті және 5111 "Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв" қосалқы шотының кредиті;
жинақталған амортизацияны түзету сомасына:
5111 "Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв" қосалқы шотының дебеті және 2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" шотының кредиті.
Негізгі құралдарды беру:
2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының дебеті және 2300 "Негізгі құралдардың" кіші бөлімі шоттарының кредиті;
жинақталған амортизация сомасына:
2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының дебеті және 2300 "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шоттарының кредиті";
негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша резервті есептен шығару:
5111 "Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв" қосалқы шотының дебеті және 5220 "Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі" шотының кредиті.
Негізгі құралдардың баланстық құнының азаюына әкеп соққан қайта бағалау кезіндегі операцияларды есепке алу осы Қағидалардың 269-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес негізгі құралдарды квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын құруға немесе толықтыруға берген кезде осы субъектінің мемлекеттік басқару органы болып табылмайтын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаржылық инвестицияларды мемлекеттік басқару органына төленген акциялардың қабылдау-беру актісімен бірге мүлікпен берілетін қабылдау-беру актісін береді.
Акциялардың мемлекеттік пакетін және мемлекеттік қатысу үлесін сенімгерлік басқаруға беру кезінде қаржылық инвестициялар сатып алу-сату шартын жасасу, тиісті бюджетке ақша қаражатын аудару және сатып алу-сату шартына сәйкес басқа да міндеттемелерді орындау сәтіне дейін мемлекеттік басқару органының есебінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріне эмиссияны жүзеге асырған, бірақ көрсетілген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық инвестицияларды мемлекеттік басқару органына эмиссия жүзеге асырылған жылы қабылдау-беру актісімен береді.";
88-2-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Резидент емес заңды тұлғаларға қаржылық инвестицияларды есепке алу осы Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Үлестік қатысу әдісі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, бірлескен кәсіпорындар және қауымдасқан ұйымдарға инвестицияларды есепке алу әдісін білдіреді, оған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша есепке алынады, содан кейін инвестицияның баланстық құны сатып алынған күннен кейін инвестиция объектісінің таза активтеріндегі/капиталындағы инвестордың үлесін тануды көрсете отырып, ұлғайтылады немесе азаяды. Инвестордың инвестициялар объектісінің пайдасындағы немесе залалындағы үлесі инвестордың ағымдағы жылының қаржылық нәтижесінде танылады.
Инвестициялар объектісінен алынған төлемдер инвестициялардың баланстық құнын төмендетеді.
Баланстық құнды түзету инвестициялар объектісінің пайдасында немесе шығынында танылмаған инвестициялар объектісінің капиталындағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын инвестициялар объектісіне инвестордың қатысу үлесіне барабар өзгерістерді есепке алу үшін қажет.
Оларға негізгі құралдарды қайта бағалау және бағамдық айырмашылықтарды көрсету нәтижесінде туындайтын өзгерістер жатады. Бұл өзгерістердегі инвестордың үлесі инвестордың таза активтерінде/капиталында жеке көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері инвестициялар объектісінің пайдасында (шығынында) қатысу үлесін мынадай жазбалармен көрсетеді:
пайда үлесі: 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының дебеті және 6220 "Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер" шотының кредиті бойынша, шығындар үлесі: 7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар" шотының дебеті және 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының кредиті бойынша.
Егер инвестиция объектісінің шығындарындағы инвестордың үлесі инвестициялардың баланстық құнына тең болса немесе асса, онда инвестор есептілікке өзінің болашақ шығындарының үлесін қосуды тоқтатады.
Егер нәтижесінде инвестициялар объектісі өз есептерінде пайда көрсетсе, инвестор өз пайдасын көрсетуді танылмаған шығындар үлесіне тең болғаннан кейін ғана қалпына келтіреді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың алуға есептелген дивидендтері мен таза табысының бір бөлігінің аударымдарын көрсету мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 1250 "Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" шотының дебетi және 2120 "Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары" шотының кредитi. Сонымен бір қатарда мынадай жазба да жүргізіледі: 7120 "Бюджетке төленетiн төлем бойынша шығыстар" дебетi және 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредитi.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектісінің ең соңғы қолжетімді қаржылық есептілігін пайдаланады.
Мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор субъектісінің есепті кезеңінің аяқталу күндері әртүрлі болған кезде, мемлекеттік мекеме немесе:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісінің ең соңғы қаржылық есептілігін пайдаланады, онда олардың қаржылық есептілік күні мен мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілік күні арасында болған елеулі операциялардың немесе оқиғалардың әсері ескеріледі.
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің ең соңғы қаржылық есептілігін пайдаланады, сондай-ақ есепті кезеңде жүргізілген операцияларды қамтиды:
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға немесе жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген ақшалай қаражатты аудару;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің негізгі құралдарды квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға немесе жарғылық капиталын толықтыруға беруі;
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдарды бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуына ақы төлеуге негізгі құралдарды беру;
акциялардың мемлекеттік пакеттеріне, заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне дивидендтер төлеу, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару;
мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және күрделі жөндеуге ақша қаражатын аудару;
мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын толықтыруға бұрын берілген негізгі құралдарды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтару.";
90-2, 90-3, 90-4, 90-5 және 90-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"90-2. Мемлекеттік мекеменің елеулі ықпалының болуы төменде көрсетілген белгілердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
1) инвестициялар объектісінің Директорлар кеңесіндегі немесе осыған ұқсас басқару органындағы өкілдігі;
2) дивидендтер немесе соған ұқсас төлемдер бойынша шешімдер қабылдауға қатысуды қоса алғанда, саясатты әзірлеу процестеріне қатысу;
3) инвестор мен инвестициялар объектісі арасындағы операциялар;
4) басқару персоналымен алмасу; немесе
5) маңызды техникалық ақпаратты ұсыну.
90-3. Мемлекеттік мекеме (инвестор ретінде) үлестік қатысу әдісін пайдалануды оның инвестициясы қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын болуын тоқтатқан күннен бастап тоқтатады.
Егер қауымдасқан ұйымға салынған инвестиция бірлескен кәсіпорынға салынған инвестицияға айналса немесе бірлескен кәсіпорынға салынған инвестиция қауымдасқан ұйымға салынған инвестицияға айналса, мемлекеттік мекеме үлестік қатысу әдісін қолдануды жалғастырады және қалған үлесті қайта бағаламайды.
90-4. Мемлекеттік мекеменің үлестік қатысу әдісіне сәйкес қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға инвестициялар бастапқы құн бойынша танылады, ал олардың баланстық құны сатып алынған күннен кейін инвестиция объектісінің пайдасындағы немесе шығынындағы инвестордың үлесін тануды көрсете отырып, ұлғаяды немесе азаяды. Оларға негізгі құралдарды қайта бағалау және бағамдық айырмашылықтарды көрсету нәтижесінде туындайтын өзгерістер жатады. Бұл өзгерістердегі инвестордың үлесі инвестордың таза активтерінде/капиталында жеке көрсетіледі.
90-5. Инвестиция ол қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын болған күннен бастап үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. Инвестицияларды сатып алу кезінде инвестициялар объектісінің сәйкестендірілетін активтері мен міндеттемелерінің таза әділ құнындағы инвестициялар құны мен мемлекеттік мекеменің үлестерінің арасындағы кез келген айырма мынадай түрде ескеріледі:
1) егер мемлекеттік мекеме қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға қатысты іскерлік беделді инвестицияның баланстық құнына енгізсе, осы іскерлік беделдің амортизациясына жол берілмейді;
2) инвестициялар объектісінің сәйкестендірілетін активтері мен міндеттемелерінің таза әділ құнындағы мемлекеттік мекеме үлесінің инвестиция құнынан асып кетуі инвестордың қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның инвестиция сатып алынған кезеңдегі пайдасындағы немесе шығынындағы үлесін айқындау кезінде түсімге енгізіледі.
Инвестордың қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның пайдадағы немесе шығындағы үлесін көрсету үшін сатып алғаннан кейін қажетті түзетулер орындалады. Осыған ұқсас, құнсызданудан (негізгі құралдардың немесе іскерлік беделдің құнсыздануынан) болған шығындарды есепке алу үшін сатып алынғаннан кейін қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның пайдасындағы немесе шығынындағы инвестордың үлесіне тиісті түзетулер жүргізіледі.
90-6. Үлестік қатысу әдісін қолдану кезінде мемлекеттік мекеме қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның ең соңғы қолжетімді қаржылық есептілігін пайдаланады. Мемлекеттік мекеменің және қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның есепті кезеңнің аяқталу күні әр түрлі болған кезде, мемлекеттік мекеме немесе:
1) үлестік қатысу әдісін қолдану мақсаттары үшін мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі сияқты сол күнге қосымша қаржылық ақпаратты алады; немесе
2) қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның қаржылық есептілік күні мен мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілік күні арасында болған елеулі операциялардың немесе оқиғалардың әсері ескерілген ең соңғы қаржылық есептілігін пайдаланады.
Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі ұқсас операциялар мен ұқсас жағдайлардағы оқиғалар үшін бірыңғай есеп саясатын пайдалана отырып дайындалды.";
90-8, 90-9, 90-10 және 90-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"90-8. Егер инвестордың қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның шығынындағы үлесі қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындағы оның үлесіне тең немесе одан асатын болса, онда инвестор одан әрі шығында өз үлесін тануды тоқтатады. Қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындағы үлес мемлекеттік мекеменің қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға таза инвестицияларының бір бөлігін құрайтын мәні бойынша ұзақ мерзімді салымдармен бірге үлестік қатысу әдісін пайдалана отырып айқындалған қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға инвестициялардың баланстық құнына сәйкес келеді.
90-9. Қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның пайдасын тануды қоса алғанда, үлестік қатысу әдісін қолданғаннан кейін мемлекеттік мекеме қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға оның таза инвестицияларына қатысты құнсызданудан болатын қосымша шығындарды айқындау үшін қаржы құралдарын есепке алу талаптарын қолданады.
Мемлекеттік мекеме қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындағы таза инвестициялардың және құнсызданудан болатын осындай шығындар сомасының бөлігі болып табылмайтын үлесіне қатысты құнсызданудан болатын қосымша шығындарды тану қажеттілігін айқындау үшін қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі талаптарды қолданады.
Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі талаптарды қолдану қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға инвестициялардың құнсыздануы екенін көрсетсе, ақша қаражатын генерациялайтын активтердің құнсыздануы және қажет болған кезде ақша қаражатын генерациялайтын активтердің құнсыздануын есепке алуға қатысты талаптарды қолданады.
Ақша қаражатын генерациялайтын активтердің құнсыздануын есепке алуға қатысты талаптар ақша қаражатын генерациялайтын инвестицияларды пайдалану құндылығын айқындауды көздейді. Ақша қаражатын генерациялайтын инвестицияларды пайдалану құндылығын айқындау кезінде мемлекеттік мекеме:
1) қауымдасқан ұйымның немесе бірлескен кәсіпорынның операцияларынан түсетін ақша ағындарын және инвестициялардың түпкілікті шығуынан түсетін түсімдерді қоса алғанда, қауымдасқан ұйымнан немесе бірлескен кәсіпорыннан күтілетін болжанатын болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнындағы өз үлесін; немесе
2) инвестициялардан немесе оларды түпкілікті сатудан алынған дивидендтерден немесе ұқсас төлемдерден күтілетін болжанатын болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнын бағалайды.
Тиісті жорамалдар кезінде екі әдіс бірдей нәтиже береді.
Ақша қаражатын генерацияламайтын активтердің құнсыздануын есепке алуға қатысты талаптар активтің өтелетін құны оның баланстық құнынан аз болған жағдайда баланстық құн активтің өтелетін құнына дейін азайтылуын көздейді. Өтелетін құн сатуға жұмсалған шығындарды және пайдалану құндылығын шегергендегі активтің әділ құнының ең үлкені болып табылады. Ақша қаражатын генерацияламайтын активті пайдалану құны активті пайдалы пайдаланудың қалған мүмкіндігінің дисконтталған құны ретінде анықталады. Пайдалы пайдаланудың қалған мүмкіндіктерінің дисконтталған құны ауыстырудың амортизацияланған құны әдісін, қалпына келтіру құны әдісін немесе пайдалы бірліктер әдісін пайдалана отырып бағаланады.
90-10. Қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын жалғасатын қызметтен ақша ағындарын генерацияламаған, негізінен мемлекеттік мекеменің өзге активтерінен ақша ағындарынан тәуелсіз болған жағдайларды қоспағанда қауымдасқан ұйымға немесе бірлескен кәсіпорынға инвестициялардың өтелетін сомасы әрбір қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын бойынша жеке бағаланады.
90-11. Мемлекеттік мекеме негізгі құралды шарт бойынша сенімгерлік басқаруға берген кезде, негізгі құрал мемлекеттік мекеменің теңгерімінде есепке алынады. Негізгі құралдың амортизациясын мемлекеттік мекеме есептейді. Мемлекеттік мекеме сенімгерлік басқаруға берілген активті пайдаланудан түскен кірістерді және негізгі құралдың амортизациясы бойынша шығындарды көрсетеді.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Өтеуге дейін ұсталатын қаржы инвестицияларын амортизация құны бойынша есепке алу пайыздың тиімді ставкасы әдісін қолдана отырып, жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып, амортизацияланған құн бойынша жүзеге асырылады.
Қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны – оған қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме бастапқы тану кезінде борыштың негізгі сомасын өтеуге төлемді шегере отырып, бастапқы құн мен өтеу сомасы арасындағы айырманы амортизациялау пайызының тиімді ставкасы әдісін пайдалана отырып жинақталған сомаға азайтылған немесе ұлғайтылған, сондай-ақ құнсыздануға (тікелей немесе бағалау резервінің шотын пайдалану жолымен) азайтылған соманы шегере отырып, өлшенген көлем.
Мемлекеттік мекеме бастапқы танығаннан кейін қаржылық міндеттемелер қаржылық нәтиже мен алынған қарыздарды мойындай отырып, әділ құн бойынша ескерілген қаржылық міндеттемелерді қоспағанда, пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған құны бойынша бағаланады.
Пайыздың тиімді ставкасы әдісі осы Қағидалардың "Дисконттау қағидаттары" бөлімінде қарастырылған.";
95-тармақ алып тасталсын;
97-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өзіндік құнымен есепке алынатын бюджеттік кредит бойынша негізгі берешекті өтеу мынадай жазбалармен жүргізіледі: 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебетi бойынша және 4130 "Бюджет алдындағы ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебетi бойынша және 1110 "Берілген қысқа мерзімді қарыздар", 2110 "Берілген ұзақ мерзімді қарыздар" шоттарының кредиті бойынша.";
мынадай мазмұндағы 97-1-тармақпен толықтырылсын:
"97-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредиттер беру кезінде шоттардың мынадай корреспонденциясы 1110 "Қысқа мерзiмдi берiлген қарыздар", 2110 "Ұзақ мерзімді берілген қарыздар" және шотының дебетi және 1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары", 1091 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" шоттарының кредитi бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен бір мезгілде берілген кредиттің сомасына бюджетпен есеп айырысулар бойынша берешек: 7120 "Бюджетке төленетiн төлем бойынша шығыстар" дебетi және 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" шотының, 4130 "Өзге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешектер" шотының кредитi бойынша есептеледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұзақ мерзімді кредит беру кезінде әділ құнның көрінісі шоттардың мынадай корреспонденциясында көрсетіледі:
әділ құн номиналды құннан аз болған жағдайларда:
7483 "Берілген қарыздарды бастапқы танудан шығыстар" қосалқы шотының дебеті бойынша 2150 "Берілген қарыздардың номиналды және әділ құны арасындағы оң айырма" шотының кредиті бойынша;
әділ құн номиналды құннан артық болған жағдайларда:
2160 "Берілген қарыздардың номиналды және әділ құны арасындағы теріс айырма" шотының дебеті бойынша 6383 "Берілген қарыздарды бастапқы танудан кірістер" қосалқы шотының кредиті бойынша.
Берiлген кредиттер бойынша сыйақы есептеу 1250 "Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" шотының дебетi және 6210 "Сыйақылар бойынша кiрiстер" шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
Бiр мезгiлде 7120 "Бюджетке төленетiн төлем бойынша шығыстар" шотының дебетi және 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредитi бойынша бюджет алдында міндеттемелерді тану бойынша екінші жазба жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредит бойынша негізгі берешекті өтеу мынадай жазбалармен жүргізіледі: 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебетi бойынша және 4130 "Бюджет алдындағы ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебетi бойынша және 1110 "Берілген қысқа мерзімді қарыздар", 2110 "Берілген ұзақ мерзімді қарыздар" шоттарының кредиті бойынша.
Бюджетке сыйақы төлеу жазбамен: 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті бойынша және 1250 "Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Есепті күндегі жағдай бойынша берілген қарыздардың номиналды және әділ құны (әділ құны номиналды құннан аз) арасындағы оң айырманың амортизациясы: 2150 "Берілген қарыздардың номиналды және әділ құны арасындағы оң айырма" шотының дебеті және 6210 "Сыйақылар бойынша кірістер"шотының кредиті бойынша есептеледі,
немесе 7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар" шотының дебеті және 2160 "Берілген қарыздардың номиналды және әділ құны арасындағы теріс айырма"шотының кредиті бойынша берілген қарыздардың номиналды және әділ құны арасындағы теріс айырманың амортизациясы (әділ құны номиналдыдан артық).";
123-1-тармақтың тоғызыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Дәл осындай тәсіл салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жеке шоттары жүргізілетін, салық кезеңі күнтізбелік ай немесе күнтізбелік тоқсан белгіленген салық түсімдерінің басқа түрлеріне қолданылады (акциздер, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық, ойын бизнесіне арналған салық).
Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кірістер (мемлекеттік баж, алым, төлемдер) Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес төленген сәтте танылады.";
123-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123-3. Жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар есепті кезеңнің аяғында күмәнді салық берешегі бойынша резервті жасайды.
Банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де тұлғалардың салық берешегін қоса алғанда, күмәнді салық берешегі бойынша резервтер құру, оған қатысты мемлекеттік кіріс органдары мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қабылдаған салық берешегі жөніндегі шығыстарды есепке алуға арналған 7451 "Салық берешегі бойынша резерв құру жөніндегі шығыстар" шотының дебеті және 1290 "Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв" шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жүргізіледі.";
124 және 124-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"124. Стипендия төлеу жөніндегі операциялар мынадай жолдамалармен көрсетіледі:
мемлекеттік мекеменің стипендия төлеуге қаржыландыру алуы: 1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6010 "ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін кірістер" шотының кредиті;
стипендияны есептеу: 7021 "Стипендиаттардың шетелде оқуына ақы төлеу", 7022 "Стипендиялар" шотының дебеті және 3230 "Стипендиаттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті;
оқу орнының стипендия төлеуі, сондай-ақ: 3230 "Стипендиаттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебеті және 1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының, 1010 "Кассадағы ақша қаражаты" шотының кредиті.
124-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұзақ мерзімді активтерді сатып алу үшін мемлекеттік кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландыру бойынша операцияларды және күрделі сипаттағы шығындарды жүзеге асыруды шоттардың мынадай корреспонденцияларымен көрсетеді:
ақшалай қаражатты аудару кезінде: 1280 "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының дебеті және 1081 "Қаржыландырудың жеке жоспары бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1091 "Қаржыландырудың жеке жоспары бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1041 "Қайырымдылық көмек ҚБШ", 1042 "Ақылы қызметтер ҚБШ", 1050 "Шетелдік валютадағы шот" қосалқы шоттарының кредиті;
ақшалай қаражатты мақсатты пайдалану үшін мемлекеттік кәсіпорындардан тиісті растайтын құжаттарды алу кезінде: 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының дебеті және 1280 "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының кредиті.";
мынадай мазмұндағы 124-2 және 124-3-тармақтармен толықтырылсын:
124-2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті кезеңнің соңында қарыз шарттары шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған мемлекеттік кепілдік алушылардың күмәнді берешегі бойынша резерв жасайды.
Бұл ретте, қарыз шарттары шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған мемлекеттік кепілдік алушылардың күмәнді берешегі бойынша резервтер құру бойынша шығыстарды есепке алу үшін 7453 "Мемлекеттік кепілдіктер алушылардың күмәнді берешегі бойынша резервтерді құру бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 2140 "Кредиттік шығындар резерві" шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жүргізіледі.
124-3. Мемлекеттік кепілдіктерді алушылардың күмәнді берешегін қайтаруды жүзеге асыру кезінде есепті кезең ішінде танылған резервті құру бойынша шығыс мынадай жолдармен қалпына келтіріледі: 2140 "Кредиттік шығындар резерві" шотының дебеті және 7453 "Мемлекеттік кепілдіктер алушылардың күмәнді берешегі бойынша резервтерді құру бойынша шығыстар" қосалқы шотының кредиті.";
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"133. Бюджетке қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын, мемлекеттік баж бойынша және басқа төлемдер бойынша төлем сомасын есептеу мынадай жазбамен жүргізіледі: 7140 "Өзге операциялық шығыстар" шотының дебеті және 3123 "Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3124 "Бюджетке өзге салықтар және басқа да міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті.
Есептелген соманы аудару мынадай тізбекпен көрсетіледі: 3123 "Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3124 "Бюджетке өзге салықтар және басқа да міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Ақша қаражаты және олардың баламалары" бөлімшесі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.";
152-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Күмәнді берешектер бойынша резерв құру мынадай тізбекпен көрсетіледі: 7452 "Резервтерді құру жөніндегі шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 1290 "Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв" шотының кредиті.";
224-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"224-1. Мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті негізгі құралдарға және қорларға аудару мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі: Шоттар жоспарының 2300 "Негізгі құралдар", 1300 "Қорлар" кіші бөлімінің тиісті қосалқы шотының дебеті және 1341 "Мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік" шотының кредиті.";
225-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жанар және жағар май материалдарына талондар және карталар (1315 "Отын, ЖЖМ" қосалқы шоты) жүргізушіге мемлекеттік мекеме басшысының нұсқауы бойынша беріледі. Талондарды қайталап беру бұрын алынғаны үшін есеп тапсырғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.";
245-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"245. Негізгі құрал объектісінің құны осы объектіге байланысты мемлекеттік мекемеге болашақ экономикалық пайда мен сервистік әлеуеттің түсуіне ықтималдық болғанда, және іс жүзіндегі шығындарды немесе объектінің әділ құнын сенімді өлшеу мүмкін болса, актив деп танылуы мүмкін.";
247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"247. Түгендеу объектісі негізгі құралды бухгалтерлік есепке алудың бірлігі болып табылады. Негізгі құралдың түгендеу объектісі деп барлық жабдықтаулары мен керек жарақтары бар объект немесе белгіленген өзіндік функцияларды орындауға арналған жеке конструктивті жекеленген зат немесе бірыңғай бүтін және белгіленген жұмыстарды орындауға арналған заттардың конструктивті жекелеген кешені танылады.
Жер амортизацияланбайды және пайдалану мерзімі шексіз. Ғимараттардың қызмет ету мерзімі шектеулі және амортизацияланатын активтер болып табылады. Ғимарат тұрған жердің қымбаттауы бұл ғимараттың амортизациялық құнын анықтауға әсер етпейді.
Кітапханалық кітаптар, компьютерлік қосымша құрылғылар мен жабдықтаудың кішігірім бөлшектері сияқты жеке маңызды емес жиынтық бірліктер үшін мемлекеттік мекеме жиынтық құнның өлшемдерін қолдана алады.
Конструктивті бөлшектенген заттардың кешеніне жалпы тағайындаулары мен жалпы басқарулары немесе бір іргетаста жөнделген бір немесе әртүрлі тағайындаудың бір немесе бірнеше заттары, осының негізінде кешенге әр кіруші зат тек кешен құрамында өз функцияларын орындай алады, бірақ жеке емес.
Бірнеше объектіні бір кешенге жатқызу техникалық мамандар растаған жобалау құжаттамасының негізінде жүзеге асырылады.
Жер мен ғимараттар бір-бірінен бөлінетін активтер болып табылады және қаржылық есептілік мақсатында олар бірге сатып алынса да бөлек есепке алынады. Жер учаскелерінде орналасқан құрылыстар, автомобиль жолдары, ескерткіштер бөлек есепке алынуға жатады.";
253-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"253. Қайта бағалау моделi: әдiл құны сенiмдi бағаланатын негiзгi құралдар объектiсiн актив ретiнде танығаннан кейiн есепке алу кез келген жиналған келесi амортизация мен шығындардың құнсыздануы нәтижесiнде жиналған кез келген келесi амортизацияны алып тастағанда, қайта бағалау күнiне әдiл құнды бiлдiретiн оның қайта бағалау құны бойынша жүргiзiледi.
Негізгі құралдар объектісін қайта бағалау кезінде осы актив жататын негізгі құралдардың барлық сыныбы (тобы) қайта бағаланады.
Қайта бағалау жиілігі қайта бағалауға жататын негізгі құралдардың әділ құнындағы өзгерістерге байланысты. Егер артық бағаланған активтің әділ құны оның баланстық құнынан айтарлықтай өзгеше болса, қосымша қайта бағалау қажет. Мемлекеттік мекеме қайта бағалауды әр бес жыл сайын жүргізеді.
Жер мен ғимараттардың әділ құны деп кәсіби бағалаушылар орындаған, бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық құны болып табылады.
Машиналар мен жабдықтар санаттарының әділ құны деп әдетте бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың арнайы сипаттағы себебі бойынша немесе осы активтердің сатылуы сирек болу себепті нарықтық құн туралы ақпарат болмағанда, тозуын ескере отырып, олар нақты құны бойынша бағаланады.";
257 және 258-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"257. Алғашқы құнның өзгеруі есепке алу моделін таңдауға байланысты емес, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешіміне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайында да рұқсат етіледі.
Тұрғын үй ғимараттарының бастапқы құнын өзгертуге ғимараттың баланстық құны нөлге тең болған жағдайда да жол беріледі. Ғимараттарды қайта бағалау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген әдістер мен есептерге сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың нормалары есепке алу моделін таңдауға қарамастан қолданылады.
258. Амортизация төмендегі мынадай негізгі құралдардың объектілеріне есептелмейді:
жерге;
мәдени мұра активтеріне;
жабдыққа, экспонаттарға, үлгілерге, әрекет етуші және әрекет етпейтін модельдерге, макеттерге және кабинеттер мен зертханалардағы және оқыту және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға;
жұмысшы малға, буйволдарға, өгіздерге, ауылшаруашылық қызметке байланысты емес, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелерге;
жануарлар әлемінің экспонаттарына (зообақтар және басқа ұқсас мемлекеттік мекемелерде);
кітапханалық қорларға, киноқорға, сахналық-қойылым құралдарына, мұражайлық және көркем құндылықтарға;
қару-жараққа және әскери техникаға;
консервациялауға ауыстырылған активтерге.
Тозу нормасы бар негізгі құралдар объектілерінің элементтері амортизациялық аударымдарды анықтау үшін топталады.
Амортизациялық аударымдарды айқындау үшін тозудың әртүрлі нормалары бар негізгі құрал объектісінің құрауыштары бөлек есептеледі. Мемлекеттік мекеме негізгі құрал объектілерінің бастапқы құнын осындай құрауыштары арасында бөледі және әрбір құрауышты жеке амортизациялайды.";
259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"259. Негізгі құралдардың амортизациясы ай сайын есептеледі.
Сатып алынған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу айдан кейінгі айдың 1-і күнінен бастап жүргізіледі:
монтаждауды жүзеге асыру талап етілмесе, сатып алулар;
монтаждау қажет болса, қолданысқа енгізу.
Шығып қалған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу негізгі құралдар объектілерінің шығып қалған айынан кейінгі айдың 1-нен тоқтатылады.
Негізгі құралдың тұрып қалу немесе белсенді емес қолданылу жағдайы болғанда немесе оны алып тастау үшін ұстап қалған жағдайда осы Қағидалардың 258-тармағында көрсетілген активтерден басқа, негізгі құралдар объектісінің амортизациясы толық амортизацияланғанға дейін тоқтатылмайды.
Негізгі құралдардың амортизациясы негізгі құралдарды тану тоқтатылған кезде тоқтатылады.";
274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"274. Егер негізгі құралдар объектілерінің баланстық құнына объектінің бір бөлігін ауыстыру құны кірсе, онда ауыстырылған бөліктің баланстық құны, ауыстырылған бөлік жеке амортизацияланды ма жоқ па оған қарамастан баланстан есептен шығарылады. Егер объектінің ауыстырылған бөлігінің баланстық құнын анықтау мүмкін болмаса, мемлекеттік мекеме ауыстыру құнын ауыстырылған бөлік құнының сатып алу немесе салу кезіндегі көрсеткіші ретінде қолдана алады.
Кейбір негізгі құралдардың құрамдас бөліктері белгілі бір уақыт аралығында ауыстыруды қажет етуі мүмкін (жол бірнеше жыл сайын жаңа жабуды қажет етуі мүмкін; пеш белгілі бір пайдалану сағаттарынан кейін төсемді ауыстыруды қажет етуі мүмкін; немесе ұшақтың ішкі жабдықтары, мысалы, орындықтар мен ас үй, фюзеляждың қызмет ету мерзімі ішінде бірнеше рет ауыстырылуға жатады). Кейбір негізгі құрал объектілері мұндай жиі ауыстыруды қажет етпеуі мүмкін.
Осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген тану қағидатына сәйкес мемлекеттік мекеме тану критерийлері сақталған жағдайда, мұндай объектінің құрамдас бөлігін олар пайда болған сәтте ауыстыру жөніндегі шығындарды негізгі құралдар объектісінің баланстық құнында таниды. Ауыстырылған компоненттердің қалдық құны осы Қағидалардың 9-тарауының ережелеріне сәйкес есептен шығарылады.";
336-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"336. Объект материалдық емес актив анықтамасына жауап беру үшін ол материалдық емес активті тану өлшемдеріне, яғни сәйкестендірімділікке, ресурстарды басқаруға және болашақ экономикалық пайда немесе сервистік әлеуеттің түсуіне ықтималдық болуына жауап береді.";
мынадай мазмұндағы 339-1, 339-2-тармақтармен толықтырылсын:
"339-1. Активті материалдық емес актив ретінде тану үшін мемлекеттік мекеме активтің:
а) осы Қағидалардың 336-тармағында баяндалған материалдық емес активті айқындау;
б) осы Қағидалардың 339-тармағында баяндалған тану өлшемшарттарына жауап беретіндігін көрсетуі керек.
Бұл талап тану сәтінде өлшенетін шығындарға (материалдық емес активті өз күшімен айырбастау немесе құру процесіндегі шығындар немесе айырбасталмайтын операция процесінде сатып алынған материалдық емес активтің әділ құны) және оны жетілдіруге, ішінара ауыстыруға немесе қызмет көрсетуге кейінгі шығындарға қатысты қолданылады.
339-2. Кейінгі шығындар - бастапқы танудан, сатып алынған материалдық емес активтен немесе материалдық емес активті өз бетінше құруды аяқтағаннан кейін жұмсалған шығындар активтің баланстық құнының құрамында анда-санда ғана танылады.
Кейінгі күрделі салымдар нәтижесінде материалдық емес активтің баланстық құнын ұлғайту, бастапқы бағаланған нормалардан тыс болашақ экономикалық пайдалар мемлекеттік мекемеге келіп түскен жағдайда жүргізіледі.";
368-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"368. Жалға алушы осы операцияны мынадай корреспонденциямен көрсетеді: "Негізгі құралдар", "Инвестициялық жылжымайтын мүлік", "Биологиялық активтер" немесе "Материалдық емес активтер", 4120 "Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме тану сәтінде, сондай-ақ есепті жылдың аяғында жалдау бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін бөліп береді: 4120 "Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебеті және 3260 "Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті.
Қаржылық жалдауға байланысты жалдаушы жүзеге асырған қызметке тікелей жатқызылатын ретінде анықталған шығындар актив ретінде танылған сомаға қосылады.
Активтер мен міндеттемелер бастапқы жалдау күніне анықталған соманың ішіндегі ең төмен сомада танылады:
жалға алынған мүліктің әділ құны;
ең төменгі жалдау төлемдерінің дисконтталған құны.
Активті жалға алушы амортизациялайды. Жалға алынатын активтің амортизацияланатын құны өзінің жеке амортизацияланатын активтері үшін жалға алушы қабылдайтын амортизация саясатына сәйкес қолдануды күтетін мерзім бойы әр есеп кезеңіне бөлінеді: 7110 "Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар" шотының дебеті және жиналған амортизацияны көрсету бойынша тиісті қосалқы шоттың кредиті.
Мемлекеттік мекеме жалданатын активтердің баланстық құнын осы Қағидалардың "Активтердің құнсыздануы" бөлімінің ережелеріне сәйкес құнсыздану тұрғысынан мерзімді қайта қарастырады.
Жалдау бойынша сыйақы есептеуді мемлекеттік мекеме 7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3250 "Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" шотының кредиті бойынша көрсетеді.
Жалдау міндеттемесін өтеу 3250 "Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар" және 3260 "Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоттарының дебеті және "Ақша қаражаты және олардың баламалары" тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жалға беруші жалдау мерзімінің басында баланста қаржылық жалдау шеңберінде алынатын жалдау төлемдеріне тең дебиторлық берешекті таниды.
Активті жалдауға беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 2220 "Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек" шотының дебеті және қаржылық жалдауға берілген активтің тиісті қосалқы шотының кредиті.
Жалдау бойынша сыйақы есептеу 1250 "Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" шотының дебеті және 6210 "Сыйақылар бойынша кірістер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджет кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді бюджетке аудару тәртібі осы Қағидалардың "Дебиторлық және кредиторлық берешектер" бөлімінде қарастырылған).
Есепті кезеңнің аяғында мемлекеттік мекеме жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектің ағымдағы бөлігін мынадай жазбамен көрсетеді: 1270 "Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының дебеті және 2220 "Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек" шотының кредиті.";
381-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"381. Мемлекеттік мекеменің кірістерін есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
6010 "Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер";
6020 "Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер";
6030 "Трансферттер бойынша кірістер";
6040 "Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер";
6050 "Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер";
6060 "Гранттар бойынша кірістер";
6070 "Қарыз түсімдерінен түсетін кірістер";
6080 "Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер";
6090 "Қаржыландыруды бюджетке қайтару";
6110 "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер";
6210 "Сыйақылар бойынша кірістер";
6220 "Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер";
6310 "Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер";
6320 "Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер";
6330 "Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер";
6340 "Бағамдық айырмадан түсетін кірістер";
6350 "Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс";
6360 "Өзге кірістер";
6370 "Қорларға түсетін түсімдерден кірістер";
6380 "Қаржылық инвестициялар мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде туындайтын кірістер".";
413-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"413. Мемлекеттік мекеменің шығыстарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
7010 "Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар";
7020 "Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар";
7030 "Зейнетақы жарналары бойынша шығыстар";
7040 "Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар";
7050 "Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар";
7060 "Қорлар бойынша шығыстар";
7070 "Іссапарларға арналған шығыстар";
7080 "Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар";
7090 "Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар";
7110 "Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар";
7120 "Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар";
7130 "Жал бойынша шығыстар";
7140 "Өзге операциялық шығыстар";
7150 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар",
7210 "Трансферттер бойынша шығыстар";
7220 "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар";
7230 "Субсидиялар бойынша шығыстар";
7240 "Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар";
7250 "Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша шығыстар";
7260 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар";
7270 "Өзге де трансферттер және бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар";
7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар";
7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар";
7330 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығыстар";
7410 "Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар";
7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар";
7430 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар";
7440 "Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар";
7450 "Резервтерді құру бойынша шығыстар";
7460 "Өзге шығыстар";
7470 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстар";
7480 "Қаржылық инвестициялар мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде туындайтын шығыстар";
7490 "Қорлар бойынша шығыстар".";
421-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"421. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен кәсіпорындарға инвестицияларды есепке алу бойынша үлестік қатысу әдісі қолданылған кезде инвестиция объектісі шығындарының үлесінде мемлекеттік мекеменің қатысуын көрсету акционерлердің/қатысушылардың (жалғыз акционердің/қатысушының) немесе мемлекеттік басқару органының жалпы жиналысының шешімі бойынша 7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар" шотының дебеті және 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.";
479-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"479. Көрсетілген құндылықтарды есепке алу үшін мынадай баланстан тыс шоттар қолданылады:
01 "Жалға алынған активтер" шотында – операциялық жалға алу шарты бойынша қабылданған активтер жалдау шартында көзделген құнында ескеріледі;
02 "Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар" – шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшін сатып алынған арнайы жабдықты, сондай-ақ шарттарда көзделген баға бойынша қайта өңдеуге қабылданған шикізат пен материалдарды қоса алғанда мемлекеттік мекеме жауапты сақтауға қабылдаған тауар-материалдық құндылықтар ескеріледі;
03 "Қатаң есептілік бланкілері" – сақтаудағы және есепке берілетін қатаң есептілік бланкілері (есеп айырысу чек кітапшалары, түбіртек кітапшалары, аттестаттар, дипломдар, куәлік бланкілері, мемлекеттік мекемелердің фирмалық бланкілері, тамақтануға төленген талондар, демалыс үйлеріне, шипажайлар мен түристік базаларға төленген жолдамалар, пошталық маркалар мен мемлекеттік баж маркаларына) және басқа да қатаң есептілік бланкілерін мемлекеттік органдар бекіткен тізбелерге сәйкес есепке алынады;
04 "Төлемге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі – "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кезден бастап бес жыл ішінде төлемге қабілетсіз дебиторлардың берешегі ескеріледі, борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін баланстан есептен шығару. Осы берешекті өтеуге алынған сомалар баланстық шотқа қалпына келтіріледі және мемлекеттік мекеменің бюджет алдындағы тиісті бюджеттің кірісіне беру жөніндегі міндеттемесі ретінде танылады;
05 "Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің берешегі" – оқушылар мен студенттердің қайтарылмаған киім-кешектері, іш киімдері, құралдары және басқа да құндылықтары үшін берешегі ескеріледі. Оқу орнының балансынан оқудан шығып қалған оқушылар мен студенттердің материалдық құндылықтарын есептен шығару олардың шығуы туралы бұйрықтардың негізінде жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тыс есепке алынады. Мұндай мүлікті талап ету Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 260-бабына сәйкес жасалады;
06 "Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары" – түрлі мемлекеттік мекемелер бекіткен және олардан жеңімпаз командаларды марапаттау үшін алынған ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар ескеріледі (осы мемлекеттік мекемеде болған барлық кезеңі ішінде);
07 "Жолдамалар" – қоғамдық, кәсіподақтық және басқа ұйымдардан қайтарымсыз алынған жолдамалар ескеріледі;
08 "Әскери техниканың оқулық құралдары" – тирлерде, спорттық ату алаңдарында, әскери пәндер кабинеттерінде орналасқан барлық жабдықтар мен құралдар ескеріледі;
09 "Мәдени мұра активтері" – мәдени мұралық активтер (тарихи ғимараттар мен ескерткіштер, археологиялық қазбалар орны, қорықтар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары) ескеріледі;
10 "Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік" – "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабымен көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен), бағаланған мүліктің есепті күнге Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерімен расталған жиынтық сомасы есепке алынады.";
көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) "Есеп саясатын бекіту туралы" 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясатында:
"2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдістемесі департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясатында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімді ұсыну, салыстырмалылық, уақтылылық және тексерушілік болып табылады.
Түсініктілік – қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті.
Орындылық – ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды болып табылады және оларға оқиғаларды бағалауға, олардың өткен бағаларын растауға немесе түзетуге көмектеседі.
Сенімді ұсыну – экономикалық немесе басқа құбылысты сенімді түрде білдіретін, мәміленің мәнін, басқа оқиғаны, қызметті немесе жағдайды көрсететін ақпарат, олардың құқықтық формасына әрдайым сәйкес келмейді.
Салыстырмалылық – түрлі кезеңдердегі және түрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін ортақ әдіснама бойынша жүзеге асырылады.
Уақтылылық – есеп беру және шешім қабылдау мақсаттары үшін өзінің пайдалылығын жоғалтпас бұрын пайдаланушылар үшін ақпараттың қолжетімділігі.
Тексерушілік – пайдаланушыларды қаржылық есептіліктегі ақпараттың дұрыс екендігіне сендіруге көмектесетін ақпараттың сапасы.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Кейіннен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
1) қаржылық нәтижені танығанда әділ құны бойынша ескерілетін қаржы инвестициялары;
2) таза активтерді\капиталды танығанда әділ құны бойынша – сатуға қолда бар қаржы инвестицияларының таза активтерді\капиталды;
3) пайыздың тиімді мөлшері әдісін қолдану арқылы амортизацияланған құн бойынша – өтегенге дейін ұсталатын қаржы инвестициялары;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары – үлестік қатысу әдісі бойынша;
5) бюджеттік кредиттеу бойынша берілген қарыздар – өзіндік құны бойынша;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиімді пайыздық ставка әдісін қолдана отырып, амортизацияланған құн бойынша берілген қарыздар;
7) қауымдастырылған ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға қаржы инвестициялары – үлестік қатысу әдісі бойынша жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген қарыздар бойынша ақша ағындарының амортизацияланған құнын айқындау кезінде мемлекеттік мекеме дисконттаудың тиімді пайыздық мөлшерлемесі ретінде квазимемлекеттік сектор субъектілері қолданатын мөлшерлемені ескереді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Белсенді нарық болмаған жағдайда үлестік құралдарға қаржылық инвестициялар құнсызданудан болған шығындарға шегерім жасалғаннан кейін өзіндік құны бойынша ескеріледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген ұзақ мерзімді қарыздар, оларды элиминирлеу мақсатында, бюджет түсімдерінің бухгалтерлік есебін жүзеге асыратын уәкілетті органның қаржылық есептілігінде номиналды құны бойынша көрсетіледі.";
24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24-1. Жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың берешегін қоса алғанда, есепті кезеңнің соңына күмәнді салық берешегі бойынша, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары оларға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қабылдаған салық берешегі бойынша резерв құрады. Күмәнді салық берешегін қайтаруды жүзеге асыру кезінде резервті құру бойынша есепті кезең ішінде танылған шығыс қалпына келтіріледі.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Негізгі құралдардың алғашқы құнының өзгеруі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайларында рұқсат да етіледі.
Тұрғын үй ғимараттарының бастапқы құнын өзгертуге ғимараттың баланстық құны нөлге тең болған жағдайда жол беріледі. Ғимараттарды қайта бағалау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген әдістер мен есептерге сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың нормалары есепке алу моделін таңдауға қарамастан қолданылады.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Мемлекеттік мекеме бастапқы танығаннан кейін қаржылық міндеттемелер ескерілген қаржылық нәтижеге арналған қаржылық міндеттемелерді қоспағанда пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана отырып амортизациялық құны бойынша бағаланады.";
мынадай мазмұндағы 69-1 және 69-2-тармақтармен толықтырылсын:
"69-1. Капиталдың ішкі нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздардың әділ құны ретінде олардың номиналды құны қабылданады.
69-2. Сыртқы қарыздар бойынша дисконттау ставкасы қолданыстағы сыртқы қарыздар портфелінің орташа өлшенген қарыз ставкасын пайдалана отырып, нарықтық шарттар негізінде айқындалады.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Активтерді басқарудан кірістер, оның ішінде инвестиция объектісінің таза кірісі бөлігінің, акцияның мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің түсімі мен заңды тұлғаларда қатысудың үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден түскен кірістер Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері болып табылады.
Инвестициялар объектісінің таза табысының, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің және заңды тұлғалардағы қатысу үлестеріне кірістердің бір бөлігінің түсімдері есептеу әдісі бойынша есепте танылады және уәкілетті орган бюджетке төленуге жататын соманы бекіткен сәтте активтерді басқарудан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 ақпан № 70 бұйрығына қосымша Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша жылдық тозу нормалары
Ұзақ мерзімді активтердің түрлері мен топтары | Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шотының/қосалқы шотының нөмірі | Тозу нормаларының шифры | Жылдық тозу нормасы (бастапқы құнына % (пайызда)) |
1. Ғимараттар | 2320 | ||
Тұрғын емес ғимараттар | 2321 | 1.1 | 7 |
Тұрғын ғимараттар | 2322 | 1.2 | 2 |
2. Құрылыстар | 2330 | 2.1 | 7 |
Автомобиль жолдары | 2331 | 2.1 | 5,5 |
Өзге жолдар | 2332 | 2.2 | 7 |
Өзге құрылыстар | 2333 | 2.3 | 7 |
3. Беру қондырғылары | 2340 | ||
Электр беру және байланыс қондырғылары | 2340 | 3.1 | 4 |
Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері | 2340 | 3.2 | 5 |
4. Көлік құралдары | 2350 | ||
Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы | 2350 | 4.1 | 15 |
Су көлігі | 2350 | 4.2 | 15 |
Автомобиль көлігі | 2350 | 4.3 | 15 |
Жедел медициналық көмеккеарналған автомобиль көлігі* | 2350 | 4.4 | 20 |
Әуе көлігі | 2350 | 4.5 | 15 |
Ат көлігі | 2350 | 4.6 | 15 |
Өндірістік көлік | 2350 | 4.7 | 20 |
Спорттық көлік | 2350 | 4.8 | 23 |
5. Машиналар және жабдық | 2360 | ||
Күш машиналары және | 2360 | 5.1 | 10 |
Жұмыс машиналары және жабдық | 2360 | 5.2 | 12 |
Өлшеу аспаптары | 2360 | 5.3 | 20 |
Реттеуші аспаптар және қондырғылар | 2360 | 5.4 | 20 |
Лабораториялық жабдық | 2360 | 5.5 | 10 |
Компьютерлік жабдық | 2360 | 5.6 | 25 |
Медициналық жабдық | 2360 | 5.7 | 10 |
Кеңсе жабдығы | 2360 | 5.8 | 10 |
Өзге де машиналар және жабдық | 2360 | 5.9 | 15 |
Криминалдық жабдық | 2360 | 5.10 | 20 |
6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал | 2370 | ||
Құралдар | 2370 | 6.1 | 30 |
Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар | 2370 | 6.2 | 10 |
Шаруашылық мүкәммал | 2370 | 6.3 | 15 |
Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал | 2370 | 6.4 | 10 |
7. Өзге де негізгі құралдар | 2380 | ||
Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар және басқа да жасанды көп жылдық отырғызулар | 2383 | 7.1 | 8 |
Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар | 2383 | 7.2 | 12 |
Өзге де мүкәммал | 2383 | 7.3 | 25 |
Жұмыс орындайтын мал | 2383 | 7.4 | 12 |
Өзге де негізгі құралдар | 2383 | 7.5 | 25 |
8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік | 2500 | ||
Тұрғын емес ғимараттар | 2510 | 8.1 | 7 |
Тұрғын ғимараттар | 2510 | 8.2 | 2 |
Жер | 2600 | ||
9. Биологиялық активтер | 2610 | 9.1 | 12 |
Жануарлар | 2620 | 9.2 | 8 |
Көп жылдық отырғызулар | 2710 | ||
10. Материалдық емес активтер | 2711 | 10.1 | 10 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету | 2712 | 10.2 | 10 |
Авторлық құқықтар | 2713 | 10.3 | 10 |
Лицензиялық келісім | 2714 | 10.4 | 10 |
Патенттер | 2716 | 10.5 | 10 |
Өзге де материалдық емес активтер |
Ескертпе: * мемлекеттік мекеменің балансындағы жедел медициналық көмек қызметінің санитарлық автокөлігі үшін.