Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына төменде көрсетілген жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 21 ақпанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін:
1) Шымкент қаласы, Самал-3 шағын ауданында орналасқан пайдаланудағы талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 2,8383 га.
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 195 275 (жүз тоқсан бес мың екі жүз жетпіс бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2) Шымкент қаласы, Қатын көпір шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі (Рысқұлов көшесі мен Амангелді қөшесі аралығында) пайдаланудағы талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 0,1713 га.
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 11 785 (он бір мың жеті жүз сексен бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
3) Шымкент қаласы, Самал-3 шағын ауданы пайдаланудағы талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 4,7224 га.
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 324 901 (үш жүз жиырма төрт мың тоғыз жүз бір) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімі | Ғ. Сыздықбеков |