"RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 наурыздағы № 1251 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 20 ақпанына дейін сервитут белгіленсін:

      1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, №22 мекенжайында орналасқан кәріз жүйесін орнату мен пайдалану үшін алаңы 0,1841 га.

      "RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 12 666 (он екі мың алты жүз алпы алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, №22 мекенжайында орналасқан су жеткізу жүйесін орнату мен пайдалану үшін алаңы 0,2220 га.

      "RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 15 274 (он бес мың екі жүз жетпіс төрт) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      3) Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, №22 мекенжайында орналасқан жылыту құбыр жүйесін орнату мен пайдалану үшін алаңы 0,0678 га.

      "RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 4 665 (төрт мың алты жүз алпыс бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      4) Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, №22 мекенжайында орналасқан электр желісін орнату мен пайдалану үшін алаңы 0,2560 га.

      "RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 17613 (он жеті мың алты жүз он үш) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      5) Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, №22 мекенжайында орналасқан жылыту құбыр жүйесін орнату мен пайдалану үшін алаңы 0,0143 га.

      "RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 984 (тоғыз жүз сексен төрт) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      3. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
"___"________ жылғы
№____ қаулысының
1-қосымшасына сәйкес

"RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Т.Рысқұлов көшесіне сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі

Сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде

ауылшаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар

Елді мекен жерлері, гектар

1.

19-309-025-760

0,00164


0,00164

  Шымкент қаласы әкімдігінің
"___"________ жылғы
№____ қаулысының
2-қосымшасына сәйкес

"RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Т.Рысқұлов көшесіне сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі

Сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде

ауылшаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар

Елді мекен жерлері, гектар

1.

22-329-005-311

0,0171


0,0171

2.

19-309-025-766

0,00437


0,00437

  Шымкент қаласы әкімдігінің
"___"________ жылғы
№____ қаулысының
2-қосымшасына сәйкес

"RP Shymkent" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Т.Рысқұлов көшесіне сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі

Сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде

ауылшаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар

Елді мекен жерлері, гектар

1.

22-329-005-311

0,0265


0,0265

2.

19-309-025-766

0,00528


0,00528

3.

19-309-003-394

0,00123


0,00123


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады