Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласы білім басқармасының "Оқушылар сарайы"" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жібек жолы, №21 А мекенжайында орналасқан "Фосфорник" ашық шеберханалы мәдени орталығы ғимаратының құрылысында коммуналдық желілерді тарту үшін алаңы 5,2341 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 23 желтоқсанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. "Шымкент қаласы білім басқармасының "Оқушылар сарайы"" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 360106 (үш жүз алпыс мың бір жүз алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
3. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р. Берденовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімі | Ғ. Сыздықбеков |