"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде заңды тұлғаның атауы проактивті тәсілмен өзгерген кезде куәлікті қайта рәсімдеу бөлігінде "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 168 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 249/НҚ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде заңды тұлғаның атауы проактивті тәсілмен өзгерген кезде куәлікті қайта рәсімдеу бөлігінде "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша пилоттық жоба іске қосылсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде заңды тұлғаның атауы проактивті тәсілмен өзгерген кезде куәлікті қайта рәсімдеу бөлігінде "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылының алгоритмі бекітілсін.

      3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы:

      1) "Smart Bridge"-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі ДҚБ сервисі) қосылуды қамтамасыз етсін;

      2) пилоттық жоба шеңберінде қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес ДДБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.

      4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес:

      1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар хаттамалар болғанда;

      2) өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы бар болғанда интеграцияны және оның қызметін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметінің сатып алынуын, сондай-ақ Орталықтың Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етсін;

      3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі жөніндегі шаралар қабылданған жағдайда интеграцияны қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 15 сәуірге дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2025 жылғы 23 мамырдағы
№ 249/НҚ мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 168
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 168
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы 23 мамырдағы
№ 249/НҚ бірлескен
бұйрығымен бекітілген

"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде заңды тұлғаның атауы проактивті тәсілмен өзгерген кезде куәлікті қайта рәсімдеу бөлігінде "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде заңды тұлғаның атауы проактивті тәсілмен өзгерген кезде куәлікті қайта рәсімдеу бөлігінде "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі –Алгоритм) проактивті тәсілмен "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" қызметін жүргізуге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) шеңберінде көрсетілетін қызметті алушының атауы өзгерген жағдайда "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы қайта рәсімдеу процесін айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) абоненттік нөмір – шарт жасасу кезінде абоненттің пайдалануына бөлінетін, оның көмегімен басқа абоненттік жабдықпен қосылу орнатылатын және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

      2) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖ) – рұқсат беру құжаттары мен лицензияларды беруге арналған ақпараттық жүйе;

      3) көрсетілетін қызметті алушы – Көрсетілетін қызметті алушы (ұйымның мүдделерін білдіретін ұйымның бірінші басшысы);

      4) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – СМС) – ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша ұялы байланыс операторы көрсететін қызмет;

      5) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламаларды жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;

      6) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі – SDU) – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған және мемлекеттік органдарға деректерге негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін талдамалық платформа ұсынатын жүйе;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      8) АХАЖ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) – Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиғалар (туу, қайтыс болу, неке қию немесе бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және ТАӘ-ні өзгерту) бойынша тіркеуге арналған, бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер ЖТ МДҚ-ға беруге арналған жүйе;

      9) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ЗТ МДҚ" АЖ) – бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі, құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлер туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;

      10) жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ЖТ МДҚ" АЖ) – азаматтық жағдайды сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі.

      3. Пилоттық жобаға қатысушылар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды.

      4. Пилоттық жобаға қатысушылар дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береді.

2-тарау. "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде заңды тұлғаның атауы проактивті тәсілмен өзгерген кезде куәлікті қайта рәсімдеу бөлігінде "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      5. Қолда бар интеграцияны пайдалана отырып, SDU "Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысының 5-тарауының талаптарына сәйкес "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде өңделуі мүмкін ұйымның атауын өзгерткен ұйымдар туралы мәліметтерді ЗТ МДҚ-дан қабылдайды.

      6. SDU атауын өзгерткен ұйымдарда "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" және "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде ұсынылатын рұқсат беру құжаттарының ЕЛ МДҚ АЖ-да болуын тексереді.

      7. SDU Алгоритмнің 6-тармағының нәтижелері бойынша қалыптастырылған атауын өзгерткен ұйымдарға қатысты бірінші басшылардың тізімін "ЗТ МДҚ" АЖ-мен сегменттейді.

      8. SDU Алгоритмнің 7-тармағының нәтижелері бойынша қалыптастырылған көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты "ЖТ МДҚ" және "АХАЖ" АЖ-да мынадай өлшемшарттарға тексеру жүргізеді:

      1) көрсетілетін қызметті алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылмаса немесе қайтыс болды деп жарияланса;

      2) көрсетілетін қызметті алушы басқа елде тұрақты тұрғылықты жерінде болмаса;

      3) көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз болып табылмаса (психикалық ауру немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе оларға басшылық жасай алмайтын азаматты сот әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін, осыған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді);

      4) көрсетілетін қызметті алушы бас бостандығынан айыру орындарында болмаса.

      Көрсетілетін қызметті алушы аталған өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда ол қалыптастырылған тізімнен шығарылады.

      9. Көрсетілетін қызмет ұсынылу тиісті ұйымдардың қалыптастырылған тізімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар болып табылатын осы ұйымдардың бірінші басшыларының тізімін SDU ЭҮП-ке береді;

      10. Ұсынылатын деректердің дұрыстығына мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің иесі жауапты болады.

      11. ЭҮП көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты МАБ-та тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне тексеру жүргізеді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та ұялы байланысының абоненттік нөмірі не СМС-хабарламаға теріс жауап болмаған жағдайда:

      пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу бойынша көрсетілетін қызмет Қазақстан Респбуликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өңдірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – 1-Қағидалар) сәйкес көрсетіледі.

      бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қызметі бойынша көрсетілетін қызмет Қазақстан Респбуликасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына (бұдан әрі – 2-Қағидалар) сәйкес көрсетіледі.

      13. ЭҮП алынған тізімге сәйкес осы алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес СМС хабарлама жіберуді жүзеге асырады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушыдан оң жауап болған жағдайда, ЕЛ МДҚ АЖ-да қайта ресімделген рұқсат беру құжаты қалыптастырылады, бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушының жаңартылған мәліметтері SDU-ға жазылады.

      15. 3 күн нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған жағдайда, осы алгоритмнің 13-тармағына сәйкес SMS хабарлама қайта жіберіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті алушыдан 3 күн ішінде жауап болмаған жағдайда, осы алгоритмнің 15-тармағына сәйкес процесс аяқталады.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының қызметтер бойынша СМС-хабарламаға теріс жауабы болған кезде олар 1 және 2-Қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

      18. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы көрсетілетін қызметтің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      20. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйенің тараптары – ақпаратты беретін сервис иелері қамтамасыз етеді.

      21. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігі мен өзгермейтіндігін қалыптастыруды және форматтық-логикалық бақылауды уақтылы белгілеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау" мемлекеттік сервисі арқылы көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алғанын растауды қамтамасыз етеді.

  "Пестицидтерді мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу),
пестицидтерді уақытша тіркеу,
төмен қаупі бар биологиялық
препаратты тіркеу" және
"Бірегей, элиталық тұқымдарды,
бірінші, екінші және үшінші
репродукциялы тұқымдарды
өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер бойынша пилоттық
жобаны іске қосу кезіндегі
мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
1-қосымша

Құрметті көрсетілетін қызметті алушы!

      Сіз көрсетілетін қызметті алушының атауының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеу процесін көрсету жөніндегі әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы болып табыласыз.

      Көрсетілетін қызметті алушының атауын өзгертуге келіскен жағдайда 1 санын, келіспеген жағдайда 2 санын жіберіңіз.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 тегін нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа аласыз.

Құрметті көрсетілетін қызметті алушы!

      Сіз көрсетілетін қызметті алушының атауының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Бірегей, элиталық тұқымдарды, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдарды өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеу процесін көрсету жөніндегі әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы болып табыласыз.

      Көрсетілетін қызметті алушының атауын өзгертуге келіскен жағдайда 1 санын, келіспеген жағдайда 2 санын жіберіңіз.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 тегін нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа аласыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады