Нефтулаев Эльдар Джабриловичке қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 11 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нефтулаев Эльдар Джабриловичке Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қоры жерінен жалпы алаңы 226,1007 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2030 жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. Жеке кәсіпкер Нефтулаев Эльдар Джабриловичке қатты пайдалы қазбаларды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Карентаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады