Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 32/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. А. Сыздыманов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "20" 05
№ 32/03 қаулысына қосымша

Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Сәтбаев қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Реновациялау бағдарламасы) Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Қаладағы тұрғын үй қорын реновациялау – қаладағы апатты тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын аумақтарды дамыту және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың тыныс-тіршілігі ортасын жаңартуға және қолайлы өмір сүру жағдайларын, қоғамдық кеңістікті жасауға бағытталған іс-шаралар кешені.

      3. Реновациялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты (тозған) тұрғын үйді бұзу және одан азаматтарды көшіру арқылы қаланың "ескі" кварталдарын кешенді реконструкциялауды көздейді.

      4. Реновациялау бағдарламасы 2029 жылға дейінгі мерзімге қабылданады және соңғы онжылдықтарда жинақталған қала экологиясын дамытудағы теңгерімсіздікті жоюға және алдағы 10-15 жылда қалада апатты тұрғын үй қорының жаппай пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.

      5. Реновациялауға жататын объектілердің тізбесі (ресми түрде апатты деп танылған үйлер кіреді), мерзімдері мен кезектілігі көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс конструкцияларының тозуы, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ үй-жайлар меншік иелерінің пікірлері ескеріле отырып, сараптама ұйымының қорытындысы негізінде айқындалады және жергілікті атқарушы орган бекітеді.

      6. Жергілікті атқарушы орган Реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады.

      Авариялық (тозығы жеткен) тұрғын үйлерді бұзу жергілікті бюджет қаражаты есебінен (бюджет қаражаты болған жағдайда) жүргізілетін болады.

2-Тарау. Реновациялау бағдарламасын іске асыру өзектілігі

      7. Қаланың қолданыстағы тұрғын үй қоры 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша 627 көппәтерлі тұрғын үйді құрайды. Соның ішінде: 223 үй- ескі, 26 үй- апатты, 1 үй- апатқа дейінгі.

Үйлер саны

1928-1930 ж.ж.

1931-1940 ж.ж.

1941-1950 ж.ж.

1951-1960 ж.ж.

1961-1970 ж.ж.

1971-1980 ж.ж.

1981-1990 ж.ж.

1991-2000 ж.ж.

2001-2020 ж.ж.

2021-2022 ж.ж.

1) Ескі үй-223.
2) Апатты үй – 26.
3) Апатқа дейінгі үй-1

-

-

-

240

2

7

1

-

-

-

      8. Қаладағы апатты тұрғын үйлердің жағдайы:

      Бұл санаттың негізін нормативті пайдалану мерзімі төмен көппәтерлі тұрғын үйлер құрайды. Мұндай үйлердің көп бөлігі тұрғын үйді жекешелендіру кезеңінде күрделі жөндеусіз немесе оны жүзеге асыруға кеткен шығындар өтелмей жеке меншікке берілген. Алдағы уақытта үй иелерінің қажетті қаражаттарының болмауына байланысты, бұл үйлерді күрделі жөндеу іс жүзінде жүргізілген жоқ, бұл олардың одан әрі тозуына әкелді.

3-Тарау. Реновациялау бағдарламасының міндеттері

      9. Реновациялау бағдарламасының негізгі міндеті – қаладағы апатты тұрғын үй қорының жаппай пайда болуына жол бермеу және өткен онжылдықтарда қала дамуының жинақталған сәйкессіздіктерін бір мезгілде түзету және негізінен жаңа сападағы қалалық ортаны қалыптастыру.

      Тұрғын үй қорын сапалы жаңартуды көздейтін Реновациялау бағдарламасын іске асыру азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғын аумақтардың орнықты дамуына, экономикалық, әлеуметтік, өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, қолайлы өмір сүру ортасын, қоғамдық кеңістіктерді құруға және аумақты абаттандыруға ықпал етеді, қаланың жаңа, қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      10. Реновациялау бағдарламасын іске асыру кезінде келесі міндеттерді шешу жоспарлануда:

      жайлы тұруға, демалуға және жұмыс істеуге бейімделген, аралас функциясы бар қалалық ортаның жаңа жоспарлау құрылымын құру;

      энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлерді салу, оларды пайдалану шығындарын азайту;

      экологиялық жағдайды жақсарту;

      инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту;

      қаланың қазіргі заманғы сәулеттік келбетін қалыптастыру.

4-Тарау. Реновациялау бағдарламасын іске асыру тетігі мен тәртібі

      11. Жергілікті бюджет есебінен Реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, бағдарлама әкімшісі болып "Сәтбаев қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалады.

      12. Реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:

      жеке инвестицияларды тарту есебінен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы;

      екінші деңгейдегі банктердің қарыздары есебінен;

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту есебінен;

      Реновациялау бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру барысында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен кірістер есебінен.

      13. Қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін Бағдарлама әкімшісі реновациялауға жататын әрбір тұрғын үй бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, аудандық әкімдіктер, орталық органдардың аумақтық бөлімшелері және "Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ 10 жұмыс күні ішінде Бағдарлама әкімшісінің сұрау салуы негізінде қажетті ақпаратты беруге міндетті, оның ішінде мұнымен шектелмей:

      көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары (үйдің (пәтерлердің) және жер учаскесінің жалпы алаңы, тұрғындардың саны, ауыртпалықтардың, тыйым салулардың болуы (болмауы) туралы (аумақтық әділет органдары және "Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ);

      14. Қажетті ақпаратты алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бір ай ішінде реновациялауға жататын әрбір тұрғын үйге ақпараттық құжатты (үйдің техникалық сипаттамаларын көрсететің анықтама, пәтерлердің саны) дайындайды.

      15. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет болған жағдайда "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бағдарламаның әкімшісі болып айқындалған. Мұндай жағдайда барлық іс-шаралар тұрғын үйді реновациялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Әлеуетті инвесторларды тарту үшін уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында орналастырылған ақпарат тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да қолжетімді ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

      17. Әлеуетті инвестор интернет-ресурста орналастырылған ақпараттан басқа объект бойынша қосымша қажетті ақпаратты жазбаша сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда Бағдарлама әкімшісі немесе уәкілетті ұйым жергілікті атқарушы органның жауапты басқармалары мен аудандық әкімдіктерінен, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінен және "Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ-дан қажетті ақпаратты сұратады, олар жазбаша сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.

      18. Әлеуетті инвестор мүдделі болған жағдайда Ынтымақтастық туралы меморандум жасасу үшін Бағдарлама әкімшісіне немесе уәкілетті ұйымға өтінім береді.

      19. Ынтымақтастық туралы меморандумда әкімдіктің барлық жауапты бөлімдерімен келісілген, тұрғын үйді реновациялау бойынша барлық қажетті іс-шараларды қамтитын іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын қамтуы тиіс.

      20. Ынтымақтастық туралы меморандум жасалғаннан кейін:

      қала әкімдігінің барлық жауапты бөлімдері тұрғын үйді реновациялау жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде барлық рұқсат беру құжаттарын алу бойынша басым тәртіппен жәрдем көрсету жөнінде міндеттемелер қабылдайды;

      қала әкімдігі Бағдарлама әкімшісімен бірлесе отырып, Инвестордың қатысуымен әлеуетті инвестор ұсынатын шарттармен танысу үшін көппәтерлі үй тұрғындарының жалпы жиналысын ұйымдастырады. Бұл ретте, егер жиналысқа тұрғын үй пәтерлері меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, жиналыс заңды болып есептеледі;

      қаланың құрылыс бөлімі реновациялауға жататын ескі апатты үйлерді жою (бұзу) бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

      қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімі Инвестормен бірлесе отырып, жоспарланатын тұрғын үйдің эскиздік жобасын әзірлейді және келіседі;

      қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі коммуникацияларға техникалық шарттар беру, инфрақұрылымды жүргізу және жобаланатын тұрғын үйге қажетті қуаттарды арттыру бойынша барлық іс-шараны қабылдайды;

      қаланың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп, жобаланатын тұрғын үйді салу және абаттандыру үшін қажетті жер учаскелерін алып қою және уәкілетті ұйымға не инвесторға беру бойынша барлық қажетті іс-шараны қабылдайды.

      21. Тұрғын үй тұрғындарының мақұлдауын алғаннан кейін Бағдарлама әкімшісі әлеуетті инвестормен құрылысқа негізгі инвестициялық келісім жасасуды ұйымдастырады.

      22. Жасалған Инвестициялық келісімнің негізінде Бағдарлама әкімшісі инвестормен бірлесіп, тұрғын және тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесімен үшжақты келісімдер жасасады, онда қала әкімдігінің және Инвестордың құрылыс кезінде уақытша тұрғын үй беру жөніндегі міндеттемелері мен кепілдіктері бекітіледі.

5-Тарау. Реновациялау бағдарламасын іске асыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй мен мүліктік құқықтарының кепілдіктері

      23. Реновациялау бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердегі барлық меншік иесіне құрылыс уақытында Инвестордың қаражаты есебінен уақытша тұрғын үй немесе тұрғын үй құрылысы аяқталғанға дейін уақытша тұрғын үйді жалға алғаны үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы берілетін болады.

      24. Реновациялау бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесіне бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін, өтеусіз негізде тең мәнді үй-жайлар берілетін болады:

      мұндай тұрғын үй-жайында (тұрғын емес үй-жайда) бөлмелердің жалпы ауданы мен саны босатылған тұрғын үй-жай (тұрғын емес үй-жай) бөлмелерінің жалпы алаңынан және санынан кем емес, бірақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының қолданыстағы нормаларынасәйкес келетін бір бөлмелі пәтерден кем емес;

      үй-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген абаттандыру стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердебелгіленгенталаптарға сәйкес жақсы әрленген;

      үй-жай көппәтерлі үйде орналасқан, ол қаланың сол ауданында орналасқан, онда Реновациялау бағдарламасына енгізілген көпқабатты тұрғын үй орналасқан.

      25. Баламалы үй-жайдың орнына, Реновациялау бағдарламасына енгізілген көппәтерлі үйдегі үй-жай иесі ақшалай немесе заттай нысандағы баламалы өтемақы алуға құқылы. Бұл ретте, баламалы өтемақы мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      26. Реновациялау бағдарламасын іске асыру кезінде азаматтардың жайлы өмір сүру ортасын құру қамтамасыз етілуі тиіс, оның ішінде аумақты көркейтуге қосымша талаптар белгілеу, көше - жол желісін қалыптастыру, тұрақ кеңістігің, қасбеттік аймақ жанындағы тротуарлар, аулалар мен квартал ішіндегі көгалдандырылған аумақтарды ұйымдастыру жолымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады