БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нұрбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және тапсырысты орындайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді регламенттейді.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі ғылыми ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдар болып табылады.
3. Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің жалақысын төлеу мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде еңбекақы төлеуге бекітілген бюджет шегінде жүргізіледі.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
4. Мемлекеттік бюджеттен жетекші ғылымдарды қоспағанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты (бұдан әрі – Ұйым) орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру кезінде базалық ставка негізінде айқындалады.
5. Лауазымдық жалақы төмендегі формула бойынша есептеледі:
ЛЖ = ЛМ х Кп
мұндағы:
ЛМ – формула бойынша есептелетін лауазымдық мөлшерлеме
ЛМ = Сбаз х Клж,
Сбаз – базалық мөлшерлеме 190 000 теңгеге;
Клж – осы қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын есептеу үшін коэффициент;
Кт – төмендегі коэффициенттердің көбейтіндісі болып табылатын түзету коэффициенті:
Кт = Ктүр х Ктип х Кбас,
мұндағы:
Ктүр – жүргізілетін зерттеулер түрі бойынша коэффициент: іргелі зерттеулер үшін – 1.0, қолданбалы зерттеулер үшін – 1,15;
Ктип – қаржыландыру типі бойынша коэффициент: гранттық – 2,0, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 2,15, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру – 0,67;
Кбас – жобаларды басқарудың өсу коэффициенті: басшы үшін – 1,25, орындаушы үшін – 1,0.
6. Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерінің жалақысы біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты болады.
7. Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тиісті жылға белгіленген еңбекақы төлеуге арналған бюджет (еңбекақы төлеу қоры) шеңберінде жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
8. Мемлекеттік ұйымдардың лауазымдық айлықақыларына ынталандыру төлемі ғылыми қызметкер орындайтын жұмыстардың сапасы мен қарқындылығына сәйкес бағдарламалар/жобалар басшысының жазбаша өтініші бойынша бұйрықпен ресімделген ұйым басшысының шешімімен белгіленеді және бекітілген еңбекақы қоры шегінде төленеді.
9. Еңбек шартында айқындалған еңбекақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және еңбек құқығының нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шартта, келісімдерде, жергілікті нормативтік актілерде белгіленген шарттармен салыстырғанда нашарламауы тиіс.
10. Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне негізгі жұмыс орны бойынша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған кезде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді.
11. Қосымша төлемдерді қоса алғанда, жалақы жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
12. Қоса атқаратын, сондай-ақ толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы жағдайларында жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жұмыс істеген уақытына барабар не орындалған жұмыс көлеміне қарай жүргізіледі. Негізгі жұмыс бойынша лауазымға және қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша алмастыратын лауазымға қатысты жалақының мөлшерін айқындау қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бағдарламалар/жобалар басшысының ұсынуы бойынша әрбір лауазым бойынша бөлек жүргізіледі.
13. Еңбек шартының талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен толық емес жұмыс күні немесе оны толық жүктеме болмаған кезде, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін нақты орындалған жұмыстар үшін сағат бойынша еңбекақы белгіленуі мүмкін.
14. Көрсетілген қызметкер осы кезеңде жұмыс уақытының нормасын толық орындап және еңбек нормалары (еңбек міндеттері) орындалған жағдайда, қызметкердің айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
15. Осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келетін, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нысанында бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар үшін осы Қағидалар осы Қағидалардың қолданысы енгізіле бастағаннан бастап жарияланған конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған міндеттемелер бойынша туындаған қатынастарға қолданылады.
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлері лауазымдарының сыныптауышы
Сынып | Лауазым атауы |
1 | Бас ғылыми қызметкер, профессор, меңгеруші инженер, бөлім меңгерушісі |
2 | Жетекші ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор (доцент) қауымдастырылған профессор (доцент) |
3 | Аға ғылыми қызметкер |
4 | Ғылыми қызметкер, жетекші инженер |
5 | Кіші ғылыми қызметкер |
6. | Сарапшы, инженер, аға зертханашы |
7. | Зертханашы, техник, ассистент, кеңесші |
Ескертпе*: ұйымдардың басшыларына осы сыныптамада көрсетілген лауазымдардың атауларына қызмет ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдануға, сондай-ақ функционалдық міндеттерін негізге ала отырып, лауазымдардың өзге де атауларын теңестіруге құқық беріледі. |
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын есептеуге арналған коэффициенттер
Сынып | Мамандығы бойынша жұмыс өтілі (жылдар бойынша) | ||||||||||
0-1 | 1-2 | 2-3 | 3-5 | 5-7 | 7-10 | 10-13 | 13-16 | 16-20 | 20-25 | 25-тен жоғары | |
1 | 1,60 | 1,63 | 1,66 | 1,69 | 1,73 | 1,76 | 1,79 | 1,83 | 1,86 | 1,89 | 1,93 |
2 | 1,45 | 1,48 | 1,51 | 1,54 | 1,57 | 1,60 | 1,63 | 1,66 | 1,69 | 1,72 | 1,75 |
3 | 1,30 | 1,35 | 1,37 | 1,40 | 1,42 | 1,45 | 1,48 | 1,51 | 1,54 | 1,57 | 1,59 |
4 | 1,02 | 1,04 | 1,06 | 1,08 | 1,1 | 1,12 | 1,14 | 1,16 | 1,18 | 1,21 | 1,23 |
5 | 0,91 | 0,94 | 0,96 | 0,98 | 1 | 1,02 | 1,04 | 1,06 | 1,08 | 1,1 | 1,12 |
6 | 0,88 | 0,9 | 0,91 | 0,93 | 0,95 | 0,97 | 0,99 | 1,01 | 1,02 | 1,04 | 1,06 |
7 | 0,86 | 0,87 | 0,89 | 0,91 | 0,92 | 0,94 | 0,96 | 0,97 | 0,99 | 1,01 | 1,03 |
Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды базалық қаржыландыру және қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша бекітілген сомалар шегінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің атағы мен ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы
Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға |
| Көрсетілген қосымша ақы гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша базалық қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын педагогтерге біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы уәкілетті орган берген тиісті диплом немесе білімі туралы құжатты тану туралы куәлік болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша төленеді. |
Ғылым докторларына | 34 АЕК | |
Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) |
| |
Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) |
| |
Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессорларға |
|