Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығы

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Д. Ахмед-Заки

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 592 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – мемлекеттік Ұйымдар) ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді регламенттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ұйымның ғылыми бөлімшелерінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;

      2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;

      3) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіру мен басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – уәкілетті орган беретін ғылыми атақтар;

      5) лауазымдық жалақы (бұдан әрі – ЛЖ) – лауазымдық мөлшерлемені, атағы мен ғылыми дәрежесі үшін үстемеақыларды, күнтізбелік ай үшін өтемақыны, ынталандырушы және өзге де төлемдерді қамтитын ғылыми қызметкердің еңбегіне ақы төлеу мөлшері;

      6) лауазымдық ставка (бұдан әрі – ЛС) – жұмыс өтіліне және жұмыс уақытын әзірлеуді ескере отырып, күнтізбелік айдағы ғылыми қызметкердің біліктілігіне сәйкестігіне байланысты белгіленген еңбекақы мөлшері. Лауазымдық айлықақыларды есептеу үшін коэффициентке 190 000 теңге мөлшерінде белгіленген базалық мөлшерлеменің көбейтіндісімен есептеледі;

      7) мемлекеттік тапсырыс – базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді қаржыландыруды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нысанында бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың тапсырысы;

      8) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тысқары жерлерде диссертация қорғаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған адамдарға берілетін дәрежелер.

      4. Ғылыми қызметкерлердің жалақысын төлеу мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде еңбекақы төлеуге бекітілген бюджет шегінде жүргізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

      5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру кезінде жетекші ғалымдарды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу базалық мөлшерлеме негізінде айқындалады.

      6. Лауазымдық жалақы төмендегі формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      ЛМ – формула бойынша есептелетін лауазымдық мөлшерлеме

      ЛМ = Сбаз х Клж,

      Сбаз – базалық ставка – 190 000 теңгеге;

      Клж – 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын есептеу үшін коэффициент;

      Кт – төмендегі коэффициенттердің көбейтіндісі болып табылатын түзету коэффициенті:

      Кт = Ктүр х Ктип х Кбас,

      мұндағы:

      Ктүр – жүргізілетін зерттеулер түрі бойынша коэффициент: іргелі зерттеулер үшін – 0,83, қолданбалы зерттеулер үшін – 1,15;

      Ктип – қаржыландыру типі бойынша коэффициент: гранттық – 2,0, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 2,15;

      Кбас – жобаларды басқарудың өсу коэффициенті: басшы үшін – 1,25, орындаушы үшін – 1,0.

      7. Ғылыми қызметкердің жалақысы біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты.

      8. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тиісті жылға енбекақы төлеуге белгіленген бюджет (еңбекақы төлеу қоры) шеңберінде жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген жұмыс уақытының (негізгі, бірлесіп атқару және қоса атқару) нормалары шегінде жүзеге асырылады.

      9. Ғылыми қызметкердің лауазымдық жалақысының мөлшері және өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерді белгілеу шарттары еңбек және ұжымдық шартта көзделеді.

      10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемақы ғылыми қызметкер орындайтын жұмыстардың сапасына және қарқындылығына сәйкес бұйрықпен ресімделген ұйым басшысының шешімімен лауызымдық мөлшерлеменің 20%-на дейінгі мөлшерде белгіленеді және бектітілген еңбекақы қоры шегінде төленеді.

      11. Еңбек шартында айқындалған еңбекақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және еңбек құқығының нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шартта, келісімдерде, жергілікті нормативтік актілерде белгіленген шарттармен салыстырғанда нашарлауы мүмкін емес.

      12. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік Ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне негізгі жұмыс орны бойынша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған кезде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді.

      13. Қосымша төлемдерді қоса алғанда, жалақы жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

      14. Қоса атқаратын, сондай-ақ толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы жағдайларында жұмыс істейтін мемлекеттік Ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жұмыс істеген уақытына барабар не орындалған жұмыс көлеміне қарай жүргізіледі. Негізгі жұмыс бойынша лауазымға және қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша ауыстырылатын лауазымға қатысты жалақы мөлшерін айқындау әрбір лауазым бойынша бөлек жүргізіледі.

      15. Еңбек шартының талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен толық емес жұмыс күні немесе оны толық жүктемеген кезде, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін нақты орындалған жұмыстар үшін сағаттық еңбекақы белгіленуі мүмкін.

      16. Көрсетілген қызметкер осы кезеңде жұмыс уақытының нормасын толық пысықтаған және еңбек нормалары (еңбек міндеттері) орындалған кезде, қызметкердің айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.

      17. Мемлекеттік Ұйымдар, шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызметкерлерінің еңбегіне қосымша ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз кірістері есебінен жүзеге асырылады.

  Мемлекеттік тапсырысты
орындайтын мемлекеттік
ғылыми ұйымдардың
және мемлекеттік жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарының
ғылыми қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлері лауазымдарының сыныптауышы

      Сыныптауыш

Сынып

Лауазым атауы

1

Бас ғылыми қызметкер, профессор

2

Жетекші ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор (доцент)
Бас сарапшы, қауымдастырылған профессор (доцент)

3

Аға ғылыми қызметкер
Жетекші сарапшы

4

Ғылыми қызметкер
Аға сарапшы

5

Кіші ғылыми қызметкер
Сарапшы
Инженер
Аға зертханашы / зертханашы
Техник
Ассистент
Кеңесші

  Мемлекеттік тапсырысты
орындайтын мемлекеттік
ғылыми ұйымдардың
және мемлекеттік жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім
беру ұйымдарының ғылыми
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын есептеуге арналған коэффициенттер

Сынып

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі (жылдар бойынша)


0-1

1-2

2-3

3-5

5-7

7-10

10-13

13-16

16-20

20-25

25-тен жоғары

1

1,12

1,14

1,16

1,19

1,21

1,23

1,25

1,28

1,30

1,33

1,35

2

1,02

1,04

1,06

1,08

1,10

1,12

1,14

1,16

1,18

1,21

1,23

3

0,81

0,94

0,96

0,98

1,00

1,02

1,04

1,06

1,08

1,10

1,12

4

0,88

0,90

0,91

0,93

0,95

0,97

0,99

1,01

1,02

1,04

1,06

5

0,86

0,87

0,89

0,91

0,92

0,94

0,96

0,97

0,99

1,01

1,03

  Мемлекеттік тапсырысты
орындайтын мемлекеттік
ғылыми ұйымдардың және
мемлекеттік жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарының
ғылыми қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу қағидаларына
3-қосымша

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды базалық қаржыландыру және қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша бекітілген сомалар шегінде мемлекеттік тапсырысты орындайтын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің атағы мен ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы

Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға

17 АЕК

Көрсетілген қосымша ақы гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша базалық қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын педагогтерге біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы уәкілетті орган берген тиісті диплом немесе білімі туралы құжатты тану туралы куәлік болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша төленеді.

Ғылым докторларына

34 АЕК

Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге)

25 АЕК

Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге)

42 АЕК

Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессорларға

50 АЕК


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады