Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 212 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 7-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 99 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13398 болып тіркелген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Нұрбек

  бұйрығына қосымша/

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 7-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес әзірленген және бюджеттік бағдарламаның әртүрлі әкімшілерінің арасында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражаттар 130 "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру" бөлінетін бюджеттік қаражатты бөлу бағдарламасы (әрі қарай – бөлінетін бюджеттік бағдарлама) бойынша республикалық бюджетте көзделеді.

      Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) болып табылады.

      3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жетекші ғалымдарының, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.

2-тарау. Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі

      4. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаражатты бөлу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары) сәйкес бюджеттік өтінім жолдайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген).

      5. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес республикалық бюджеттік комиссияның (бұдан әрі – РБК) қарауына кейіннен енгізу үшін бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.

      6. Республикалық бөлінетін бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері арасында бөлуге бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар жатады.

      7. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаттарын бөлу бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) негізінде РБК-ның қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.

      8. Бұйрықта республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атаулары және ағымдағы қаржы жылына бөлінген қаржыландыру сомалары көрсетіледі.

      9. Бұйрық Республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір ай ішінде әзірленеді.

      10. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемдері өзгерген жағдайда Бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізіледі.

      11. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат қаржылық жыл ішінде пайдаланылмаған немесе жартылай игерілмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес республикалық бюджет соңғы рет нақтылағанға дейін бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бюджеттік өтінім жолдайды.

      12. Бюджет шығындарына секвестр жасау кезінде бюджеттік бағдарлама қаражатын қысқарту республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      13. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаның есебінен қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

      14. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрініс табады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады