Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 наурызда № 13398 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған бюджеттік қаражатты бөлу бағдарламасы бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ оны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ____________Б. Сұлтанов

      26 ақпан 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 99 бұйрығымен бекітілді

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік
бағдарламаларды бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және бюджеттік бағдарламаның әртүрлі әкімшілерінің арасында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражаттар 130 "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру" бөлінетін бюджеттік қаражатты бөлу бағдарламасы (әрі қарай – бөлінетін бюджеттік бағдарлама) бойынша республикалық бюджетте көзделеді.

      Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) болып табылады.

      3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимарат, жабдық және материалдарды, әкімшілік және қызмет көрсететін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми ұйымдарды, мемлекеттікпен теңестірілген ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, дауыс беру акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлестері) елу және одан да жоғары пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарын, сондай-ақ дауыс беру акцияларының елу және одан да жоғары пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде заңды тұлғаларға тиесілі, дауыс беру акцияларының елу және одан да жоғары пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарын ағымдағы қамтамасыз етуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша жұмсалатын шығыстарды қамтиды.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында
бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі

      4. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаражатты бөлу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары) сәйкес бюджеттік өтінім жолдайды.

      5. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес республикалық бюджеттік комиссияның (бұдан әрі – РБК) қарауына кейіннен енгізу үшін бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.

      6. Республикалық бөлінетін бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері арасында бөлуге бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар жатады.

      7. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаттарын бөлу бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) негізінде РБК-ның қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.

      8. Бұйрықта республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атаулары және ағымдағы қаржы жылына бөлінген қаржыландыру сомалары көрсетіледі.

      9. Бұйрық Республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      10. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемдері өзгерген жағдайда Бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізіледі.

      11. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат қаржылық жыл ішінде пайдаланылмаған немесе жартылай игерілмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес республикалық бюджет соңғы рет нақтылағанға дейін бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бюджеттік өтінім жолдайды.

      12. Бюджет шығындарына секвестр жасау кезінде бюджеттік бағдарлама қаражатын қысқарту республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      13. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаның есебінен қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

      14. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрініс табады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады