Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың І тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 20 қаулысы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90939 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың І тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

      2. "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _______ №________қаулысына қосымша

Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың І тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Тауардың атауы

Өлшем бірлігі

І
тоқсан

1

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

606

2

Бірінші сортты бидай ұны

теңге/
килограмм

322

3

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

321

4

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

теңге/
килограмм

252

5

Рожки (өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

441

6

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

теңге/
килограмм

3045

7

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

теңге/
килограмм

1704

8

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

теңге/
литр

475

9

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

теңге/литр

464

10

Сүзбе: майлылығы 5-9%

теңге/
килограмм

1716

11

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

теңге/дана

687

12

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

теңге/
килограмм

5269

13

Күнбағыс майы

теңге/
литр

807

14

Ақ қауданды қырыққабат

теңге/
килограмм

285

15

Басты пияз

теңге/
килограмм

178

16

Асханалық сәбіз

теңге/
килограмм

278

17

Картоп

теңге/
килограмм

283

18

Ақ қант – құмшекер

теңге/
килограмм

505

19

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

теңге/
килограмм

133


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады