Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2 - тармағының 8-5) тармақшасына, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №532 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысының 2025 жылға бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "___" ________ | |
№_____ қаулысына қосымша |
Жетісу облысының 2025 жылға бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Білім алушылар және (немесе) тәрбиеленушілер саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (1 сағат, теңге) |
300 | 7414 |