"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімнен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және электрондық өнеркәсіп өнімін қосу (алып тастау) жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 204/НҚ бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімнен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және электрондық өнеркәсіп өнімін қосу (алып тастау) жөніндегі пилоттық жобасы іске қосылсын.

      2. "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімінен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және электронды өнеркәсіп өнімін енгізу (алып тастау) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.

      3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) "Smart Bridge"-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі ¾ ДДБ сервисі) қосылу;

      2) пилоттық жоба шеңберінде қызметтер көрсету кезінде ДДБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.

      4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8 тармақтарына сәйкес мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар хаттамаларды алу;

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ орталықтың ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуы;

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сәйкестігі жөнінде шаралар қабылдау.

      5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) Осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және ол қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

  2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 204/НҚ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің бұйрығымен
бекітілген

"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімінен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және электронды өнеркәсіп өнімін енгізу (алып тастау) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы алгоритм "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы проактивті форматта көрсетілетін "сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімінен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және электронды өнеркәсіп өнімін енгізу (алып тастау)" мемлекеттік қызметі шеңберінде қызмет алушының атауы өзгерген жағдайда рұқсатты қайта рәсімдеу процесін пилоттық жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қызмет).

      2. Бұл алгоритмде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) абоненттік нөмір-шарт жасасу кезінде абоненттің пайдалануына бөлінетін, оның көмегімен басқа абоненттік жабдықпен қосылу орнатылатын және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

      2) "e-license" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "e-license" АЖ) - ақпараттық жүйе рұқсат беру құжаттары мен лицензияларды беруге арналған;

      3) көрсетілетін қызметті беруші-көрсетілетін қызметті көрсететін мемлекеттік ұйым;

      4) көрсетілетін қызметті алушы-көрсетілетін қызметті алушы (ұйымның мүдделерін білдіретін ұйымның бірінші басшысы);

      5) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі-СМС) - ұялы байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызмет;

      6) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МБА) - жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламаларды жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;

      7) проактивті тәсілмен мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

      8) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі –(бұдан әрі – SDU) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған және мемлекеттік органдарға деректерге негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін талдамалық платформа ұсынады;

      9) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе нысаны;

      10) АХАЖ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) – Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиғалар (туу, қайтыс болу, неке қию немесе бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және ТАӘ-ні өзгерту) бойынша тіркеуге арналған, бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер ЖТ МДҚ-ға беріледі;

      11) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – бұл бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі, құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес- сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыру және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;

      12) жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – "ЖТ МДҚ" АЖ) – азаматтық жағдайды сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі.

      3. Пилоттық жобаға қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды.

      4. Пилоттық жобаға қатысушылар дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береді.

2-тарау. "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімінен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және эллектронды өнеркәсіп өнімін енгізу (алып тастау) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      5. Қолда бар интеграцияны пайдалана отырып, SDU Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде өңделуі мүмкін ұйымның атауын өзгерткен ұйымдар туралы мәліметтерді ЗТ МДҚ-дан қабылдайды.

      6. SDU атауын өзгерткен ұйымдарда "e-license" АЖ-да ""Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесін пайдалану арқылы сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімінен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және эллектронды өнеркәсіп өнімін енгізу (алып тастау)" қызметі шеңберінде ұсынылатын рұқсат беру құжаттарының болуын тексереді.

      7. Алгоритмнің 6-тармағының нәтижелері бойынша қалыптастырылған атауын өзгерткен ұйымдарға қатысты SDU Бірінші басшылардың тізімін "ЗТ МДҚ" АЖ-мен сегменттейді.

      8. Алгоритмнің 7-тармағының нәтижелері бойынша қалыптастырылған әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты SDU "ЖТ МДҚ" және "АХАЖ" АЖ-да мынадай өлшемшарттарға тексеру жүргізеді:

      1) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылмаған немесе қайтыс болды деп жарияланбаған;

      2) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы басқа елде тұрақты тұрғылықты жерде тұрмайды;

      3) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз болып табылмайды (психикалық ауру немесе деменция салдарынан өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе оларға басшылық жасай алмайтын азаматты сот әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін, осыған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді);

      4) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы бас бостандығынан айыру орындарында болмайды.

      Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, ол қалыптастырылған тізімнен шығарылуға тиіс.

      9. Қызмет көрсетуге тиісті ұйымдардың қалыптастырылған тізімін, сондай-ақ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар болып табылатын осы ұйымдардың бірінші басшыларының тізімін SDU ЭҮП-ке береді.

      10. Ұсынылатын деректердің дұрыстығына мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің иесі жауапты болады.

      11. ЭҮП әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты БМГ-да тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне тексеру жүргізеді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та ұялы байланысының абоненттік нөмірі не СМС-хабарламаға теріс жауап болмаған жағдайда сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімінен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және эллектронды өнеркәсіп өнімін енгізу (алып тастау) қызметі бойынша қызмет Қазақстан Респбуликасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) бекітілген Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – Қағида).

      13. ЭҮП алынған тізім бойынша 1-қосымшаға сәйкес СМС хабарлама жіберуді жүзеге асырады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушыдан оң жауап болған кезде "e-license" АЖ жаңартылған рұқсат құжатын қалыптастырады, бұдан әрі қызметті алушының жаңартылған мәліметтері SDU-ға жазылады.

      15. 3 күннің нәтижесінде әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған жағдайда, осы алгоритмнің 13-тармағына сәйкес SMS хабарлама қайта жіберіледі.

      16. 3 күн ішінде жауап болмаған жағдайда, осы алгоритмнің 15-тармағына сәйкес әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан процесс аяқталады.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының теріс жауабы болған кезде, Қызмет бойынша Қағидаға сәйкес көрсетіледі.

      18. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы қызметтің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      20. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйенің тараптары-ақпаратты беретін сервис иелері қамтамасыз етеді.

      21. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігі мен өзгермейтіндігін қалыптастыруды және форматтық-логикалық бақылауды уақтылы белгілеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің "дербес деректерге қол жеткізуді бақылау" мемлекеттік сервисі арқылы көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алғанын растауды қамтамасыз етеді.

  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер бойынша "Сенімді
бағдарламалық қамтамасыз
ету тізіліміне (тізілімінен)
бағдарламалық қамтамасыз
етуді және эллектронды
өнеркәсіп өнімін енгізу
(алып тастау)" пилоттық
жобасын іске асыру кезінде
мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
1-қосымша

Құрметті көрсетілетін қызметті алушы!

      Сіз көрсетілетін қызметті алушының атауының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне (тізілімінен) бағдарламалық қамтамасыз етуді және электронды өнеркәсіп өнімін енгізу (алып тастау)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеу процесін көрсету жөніндегі әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы болып табыласыз.

      Көрсетілетін қызметті алушының атауын өзгертуге келіскен жағдайда 1 санын, келіспеген жағдайда 2 санын жіберіңіз.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 тегін нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа аласыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады