ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырылсын.
2. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пилоттық жоба іске асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізбесі;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дербес деректер субъектісінің келісімін қағаз түрінде алуды қамтамасыз етсін.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8 тармақтарына сәйкес мыналарды қамтамасыз етсін:
1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар хаттамаларды алу;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ орталықтың ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуы;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сәйкестігі жөнінде шаралар қабылдау.
5. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының | |
Цифрлық даму, инновациялар және | |
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің | |
міндетін атқарушы | ________Р. Коняшкин |
Қазақстан Республикасы | |
ішкі істер министрі | _________Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы | |
Сыртқы істер Министрі | __________М. Нұртілеу |
Пилоттық жоба жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Елшілігі.
2. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі.
3. Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі.
4. Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Елшілігі.
5. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі.
6. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі.
7. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі.
8. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі.
9. Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі.
10. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі.
11. Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі.
12. Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі.
13. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі.
14. Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі.
15. Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі.
16. Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі.
17. Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі.
18. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшілігі.
19. Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі.
20. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі.
21. Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі.
22. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі.
23. Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі.
24. Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі.
25. Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Елшілігі.
26. Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі.
27. Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі.
28. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі.
29. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі.
30. Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі.
31. Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі.
32. Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі.
33. Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі.
34. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі.
35. Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі.
36. Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігі.
37. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі.
38. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі.
39. Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі.
40. Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі.
41. Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі.
42. Қазақстан Республикасының Оман сұлтандығындағы Елшілігі.
43. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі.
44. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі.
45. Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі.
46. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі.
47. Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі.
48. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі.
49. Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі.
50. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі.
51. Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі.
52. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігі.
53. Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі.
54. Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Елшілігі.
55. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі.
56. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі.
57. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі.
58. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі.
59. Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі.
60. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі.
61. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі.
62. Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі.
63. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі.
64. Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Елшілігі.
65. Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі.
66. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі.
67. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі.
68. Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі.
69. Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі.
70. Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы Бас консулдығы (Түркия Республикасы).
71. Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
72. Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулдығы (Беларусь Республикасы).
73. Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).
74. Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).
75. Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы (Иран Ислам Республикасы).
76. Қазақстан Республикасының Джидда қаласындағы Бас консулдығы (Сауд Арабиясы Корольдігі).
77. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы (Біріккен Араб Әмірліктері).
78. Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
79. Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
80. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).
81. Қазақстан Республикасының Манама қаласындағы Бас консулдығы (Бахрейн Корольдігі).
82. Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).
83. Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы (Америка Құрама Штаттары).
84. Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
85. Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығы (Қырғыз Республикасы).
86. Қазақстан Республикасының Подгорица қаласындағы Бас консулдығы (Черногория).
87. Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы (Корея Республикасы).
88. Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығы (Өзбекстан Республикасы).
89. Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
90. Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы (Америка Құрама Штаттары).
91. Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).
92. Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығы (Француз Республикасы).
93. Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).
94. Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы (Түркия Республикасы).
95. Қазақстан Республикасының Барселона қаласындағы Консулдығы (Испания Корольдігі).
96. Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы (Иран Ислам Республикасы).
97. Қазақстан Республикасының Дамаск қаласындағы Консулдығы (Сирия Араб Республикасы).
98. Қазақстан Республикасының Торонто қаласындағы Консулдығы (Канада).
99. Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қаласындағы Консулдығы (Түрікменстан).
100. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Бонн қаласындағы Елшілігінің бөлімшесі.
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алгоритмі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы шетел азаматтарына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері шетелдік азаматтары үшін жеке сәйкестендіру нөмірін ресімдеуге және оның нәтижелерін беруге өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері (бұдан әрі – өкілдіктер) үшін жеке сәйкестендіру нөмірін ресімдеуге және оның нәтижелерін беруге өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырудың негізгі мақсаты шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері және Министрлік арқылы мемлекеттік қызметтер алуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және ұйымдастыру болып табылады.
3. Осы Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмінде (бұдан әрі – Алгоритм) келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізуге, азаматтық хал актілерінің күшін жоюға және оларды қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ жеке тұлғалардың дербес деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
3) визуалды тексеру аймағы – машинамен оқылатын жол жүру құжатының визуалды тексеруге арналған, яғни алдыңғы және артқы жағында (қолданылатын жерде) және машинамен оқылатын аймақ ретінде белгіленбеген бөліктері;
4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
5) Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адам (бұдан әрі – консул) – Қазақстан Республикасының атынан консулдық округтің шегінде консулдық функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері;
6) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) – Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
7) Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi;
8) машинамен оқылатын аймақ – машинамен оқылатын жол жүру құжатының деректер бетінде бөлінген және машинамен оқу үшін қалыптастырылған міндетті және факультативтік деректерді қамтитын белгіленген мөлшердегі аймақ;
9) тіркеу куәлігі – ЖСН болуын растайтын тіркеуші орган беретін құжат;
10) уәкілетті қызметкер – өз құзыреті шегінде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді орындайтын Министрліктің қызметкері;
11) Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкестігі туралы салалық мемлекеттік органнан өтінішхат алуға үміткер шетелдік IT-мамандар.
2-тарау. ЖСН қалыптастыру тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – қызметті беруші) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы көрсетеді:
1) әлеуетті инвесторларға;
2) тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушыларға;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының жұбайы болып табылатын шетел азаматтарына (азаматтық хал актілерін АХАЖ АЖ тіркеу туралы белгі қою үшін);
4) ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің балаларына (16 жасқа дейін);
5) мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтарына;
6) Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушыларына;
7) мүгедектігі бар шетел азаматтарына;
8) 65 жастан бастап шетел азаматтарына;
9) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілеріне;
10) Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтарына.
Министрлік арқылы:
1) өкілдіктердің қызметкерлеріне.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
Шетелдік азаматтың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне және Министрлікке жүгінген күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
6. Қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне немесе Министрлікке жеке өзі жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы (егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт);
әлеуетті инвесторлар үшін қосымша мынадай құжаттардың бірі:
1) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелігін растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органы жасаған инвестициялық шарттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
3) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаның іске асырылуын растайтын мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымы;
4) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаны іске асыруы үшін оны "Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) қатысушысының тіркеу рәсімдерін жүргізуді растайтын АХҚО ұсынымы;
тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушылар үшін қосымша:
1) тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға байланысты лауазымдық міндеттерін көрсете отырып, ұйымның "бірінші басшысын тағайындау туралы" және (немесе) ұйым қызметкеріне ішкі құжатының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (таңбалау жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін көрсете отырып);
Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған шетелдік азаматтары үшін қосымша:
1) аудармашы немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйым куәландырған, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы заңдастырылған не апостиль қойылған куәліктің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
2) ерлі-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
ата-аналарының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шет мемлекеттің балалары үшін (16 жасқа дейін) қосымша:
1) туу туралы куәлік;
2) Ата-ананың бірінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтары үшін қосымша:
1) мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
2) мұрагерлікке құқықты растайтын құжаттардың көшірмесі (некелік және туыстық қатынастар, өсиет, сот шешімі);
Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары үшін қосымша мынадай құжаттардың бірі:
1) IT білімі туралы дипломның көшірмесі немесе IT саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) және үш жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар IT саласындағы портфолио (салыстыру үшін);
2) көрсетілген позицияда кемінде бір жыл мерзімі бар "бірінші басшыны тағайындау туралы" IT-компанияның ішкі құжатының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (IT компаниясының басшылары үшін);
мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша:
1) мүгедектікті растайтын медициналық анықтаманың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілері үшін қосымша:
1) сауда тізілімінен үзінді немесе қызмет түрін растайтын өзге де құжат (пестицидтер, агрохимикаттар және басқа да өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруге арналған лицензия, Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігі, өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тіркеу сынақтары жоспарына енгізілгені туралы растама);
Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтары үшін қосымша:
1) басшылық лауазымға тағайындалғанын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (құрылтайшылардың шешімі, тағайындау туралы бұйрық).
Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беріледі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.
Ескерту: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін арнайы куәлік рәсімдеу талап етілмейді.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
8. Мемлекеттік корпорация ХҚКО БАЖ-да "Менеджер пайдаланушы" рөлін Министрліктің жауапты қызметкеріне жұмыста қолдану үшін береді.
ХҚКО БАЖ-да "Менеджер пайдаланушы" рөлімен Министрліктің жауапты қызметкері консулдар мен уәкілетті қызметкерлер үшін есептік жазбаларды дербес жасайды, жояды және бұғаттайды.
ХҚКО БАЖ-да консулдар мен уәкілетті қызметкерлердің есептік жазбаларын құруға, жоюға және бұғаттауға ХҚКО БАЖ-дағы "Менеджер пайдаланушы" рөліне қосылған қызметкер жауапты болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде консул:
1) құжаттарда көрсетілген мәліметтердің шынайылығын, сондай-ақ осы Алгоритмнің 6-тармағында көрсетілген тізімге сәйкестігін тексереді;
2) ЖСН қалыптастыруға өтінімді ХҚКО БАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады.
Консул немесе уәкілетті қызметкер ХҚКО БАЖ-да ЖСН қалыптастыруға арналған өтінімде машинамен оқылатын аймаққа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) бойынша деректерді, ал визуалды тексеру аймағына сәйкес туған күні, туған жері, азаматтығы бойынша деректерді толтырады.
10. ХҚКО БАЖ-дан ЖСН қалыптастыруға өтінімдер көші-қон полициясының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КҚП АЖ) орындауға келіп түседі.
11. Қызмет берушінің операторы келіп түскен өтінімдерді тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН қалыптастыру рәсімін жүргізеді.
Қызмет берушінің операторы көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі КҚП АЖ арқылы қалыптастырылған ЖСН туралы мәліметтерді ХҚКО БАЖ-ға жібереді.
12. Консул немесе уәкілетті қызметкер осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес тіркеу куәлігін басып шығарып қызметті алушыға береді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға төмендегідей жағдайларда осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖСН қалыптастырудан бас тарту туралы хабарлама ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыда бұрын тіркелген ЖСН анықталуы.
14. Төтенше жағдай және (немесе) КҚП АЖ істен шыққан, байланыс арнасы болмаған жағдайда немесе хабарламалардың жіберілуіне кедергі келтіретін басқа жағдайлар болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық ақаулардың туындағаны анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою бойынша шаралар қолданады (Астананың уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін).
15. Консул немесе уәкілетті қызметкер шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруға арналған өтінімдерді растауға және мемлекеттік қызметтер көрсету барысында белгілі болған мәліметтерді заңсыз жария еткені үшін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзғаны үшін дербес жауапты болады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.
16. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
17. Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
18. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Өтініш
_________________________ үшін жеке сәйкестендіру нөмірін беруді сұраймын.
Аты
латын транскрипциясында _____________________________________________
кириллица транскрипциясында _________________________________________
Тегі
латын транскрипциясында _____________________________________________
кириллица транскрипциясында _________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
латын транскрипциясында _____________________________________________
кириллица транскрипциясында _________________________________________
Туған күні __________________ Жынысы ________________________________
Азаматтығы ___________________ Ұлты _________________________________
Келген елі __________________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі __________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ________________________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні _________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі _________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел ___________________________
Туған жері___________________________________________________________
Ел ___________________________Облыс_________________________________
Аудан __________________________Мекенжайы__________________________
Мен жоғарыда көрсетілген дербес деректерді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (БСН 960340000514) мен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (БСН 160440007161) жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезеңге, дербес деректерді өндеу процесінде оларды трансшекаралық беруге, осы мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге, жинау мен өндеуге өз келісімімді беремін.
Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА