"Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 45-н/қ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.02.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 29 қаңтардағы
№ 45-н/қ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 458 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары

Атауы

Тауар нарығының географиялық шекаралары

Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

Облыс орталығынан 200 (екі жүз) километрден астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандар үшін қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

1.

Сұйытылған мұнай газы

Астана қаласы

102

-

2.

Алматы қаласы

102

-

3.

Ақтөбе облысы

77

82

4.

Атырау облысы

77

82

5.

Ақмола облысы

102

107

6.

Алматы облысы

102

107

7.

Шығыс Қазақстан облысы

102

107

8.

Жамбыл облысы

90

95

9.

Батыс Қазақстан облысы

77

82

10.

Қостанай облысы

102

107

11.

Қызылорда облысы

90

95

12.

Қарағанды облысы

102

107

13.

Маңғыстау облысы

65

70

14.

Павлодар облысы

102

107

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

102

107

16.

Түркістан облысы

90

95

17.

Шымкент қаласы

90

-

18.

Абай облысы

102

107

19.

Жетісу облысы

102

107

20.

Ұлытау облысы

102

107


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады