"Turan Resources Ltd" жеке компаниясымен қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 15/14 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, "Turan Resources Ltd" жеке компаниясының өтінішін қарастырып, 2025 жылғы 28 қаңтардағы пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған №2907 - EL лицензия негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Turan Resources Ltd" жеке компаниясымен пайдалы қатты қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Балқаш қаласы, Саяқ кентінің солтүстік - батысында орналасқан, ауданы 2350,8255 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2031 жылдың 28 қаңтарына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Turan Resources Ltd" жеке компаниясы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі С. Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады