"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 – баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларын іске асыру туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 22 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 73/02 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Д. Бұлқайыр |
"Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "11" ақпандағы № 09/12 қаулысымен бекітілді |
"Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мекеме үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект болып табылады.
2. Мекеменің секторлары мен бөлімшелері бар:
1) жұмыспен қамту секторы;
2) әлеуметтік бағдарламалар секторы;
3) үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 4 бөлімшесі: мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және өз өзіне қызмет көрсете алмайтын зейнет жасына жеткен адамдарға арналған.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме заңды тұлға болып табылады және жедел басқару құқығында мүлкі бар, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Саран қаласының әкімдігі бекітеді.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Мекеменің миссиясы:
қала азаматтарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі.
15. Міндеттері:
1) қала халқына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
2) қала халқына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
3) қаланың мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету;
4) қала халқына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
5) қала халқының түрлі әлеуметтік топтарымен жұмыс.
16. Функциялар:
1) қала халқына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
2) Мекеменің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
3) қала халқына мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
5) өңірлік жұмыспен қамту картасының және қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мониторингі;
6) жұмыс орындарын құруға мониторингті жүзеге асыру;
7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдарға мониторинг жасау;
8) әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмысы;
9) "Еңбек нарығы" әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің, "Е-Собес", "Шетелдік жұмыс күші", "Documentolog" автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің, "Е-Қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің, Enbek.kz электрондық еңбек биржасының деректер базасын қалыптастыру;
10) Әлеуметтік қызметтер порталын, "Еңбек ресурстары орталығы" АҚ FSMSocial қосымшасын, "Socium" цифрлық платформасын пайдаланушылардың жұмысын ұйымдастыру;
11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген азаматтардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссияның жұмысы;
12) қала халқының арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
13) қала халқына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
14) абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, санаторийлік-курорттық емдеумен, жеке көмекшінің және жестау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
16) Саран қаласының Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
17) қала халқын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
18) халық арасында әлеуметтік қорғау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
2) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, оның ішінде қала халқына Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
3) ақпараттық деректердің барлық түрлерін, оның ішінде құпия деректерді пайдалану;
4) қала әкіміне Мекеменің құрылымы мен қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қаланы дамыту мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, іске асыру;
6) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс, қала әкімінің шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдігі қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен шарттарын жою жөнінде шаралар қабылдау;
7) қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
9) әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
10) мемлекеттік қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қарау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Мекеменің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілерге қол қояды;
5) Мекеменің мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда атынан өкілдік етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермегені үшін жеке жауапты болады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Мекеме жедел басқару құқығында мүлікке ие. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.